Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2017 год

Қаулы · № 132 · қабылданған 26.05.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-112833/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 132 ·26.05.2017
26.05.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 132 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования повышения урожайности и качества продукции растениеводства на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
132
Қабылданған күні
26.05.2017
Көрсетілген редакция
26.05.2017 112833_193291.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005080
ЭКБ идентификаторы
112833
Редакция идентификаторы
112833_193291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:00

0 2017 жылға арналған өсімдік

шаруашылығының шығымдылығын
және өнім сапасын арттыруды
субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының
5) тармақшасына сәйкес, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі № 4-2-12/7863 хаты негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға 1 қосымшаға сәйкес 2017 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі;

2

2) осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2017 жылға арналған нормалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.М. Мусинге жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 2017 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы «26» мамырдағы
№ 132 қаулысына 1 қосымша
2017 жылға арналған басым ауылшаруашылық дақылдарының тізбесі
р/с

Басым ауылшаруашылық дақылдарының атауы
1
Майлы дақылдар (күнбағыс, мақсары, зығыр, рапс, қытайбұршақ)
2
Қорғалған топырақта өсірілетін көкөністер
3
Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)
4
Сүрлемдік жүгері және сүрлемдік күнбағыс
5
Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер

7 Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2017 жылға арналған нормалары

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы «26» мамырдағы
№ 132 қаулысына 2 қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың 2017 жылға арналған нормалары
р/с №
Басым ауылшаруашылық дақылдары
Өлшем
бірлігі
Субсидия нормасы, теңге
1
Күнбағыс
1 тоннаға
10 000
2
Қытайбұршақ
1 тоннаға
25 000
3
Мақсары
1 тоннаға
6 400
4
Рапс
1 тоннаға
13 800
5
Зығыр
1 тоннаға
11 000
6
Сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс
1 гектарға
8 000
7
Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)
1 гектарға
8 000
8
Егістікте және (немесе) шабындық және (немесе) жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көпжылдық шөптер
1 гектарға
10 000
9
Өнеркәсіптік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)
1 гектарға
11 000 000
10
Фермерлік үлгідегі қорғалған топырақтағы көкөністер (дәнді дақылдардың екі айналымына)
1 гектарға
3 000 000

Қолданыстағы