Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 23/01
- Қабылданған күні
- 21.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2017 113129_197331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KJ004289
- ЭКБ идентификаторы
- 113129
- Редакция идентификаторы
- 113129_197331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:43
0 2017 жылға мүгедектер
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 14010 бойынша тіркелген) сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% дан бастап 4% ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аманжоловқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ақтоғай ауданы әкімдігінің
21 маусымдағы 2017 жыл
№ 23/01 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Ақтоғай ауданы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданының білім бөлімі «Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп (мектеп жанындағы интернатымен)» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
143
3
4
2
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
158
3
5
3
Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
148
3
4