Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормы субсидий на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 173/3
- Қабылданған күні
- 20.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2017 113537_204120.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005566
- ЭКБ идентификаторы
- 113537
- Редакция идентификаторы
- 113537_204120
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:44
0 2017 жылға басым ауыл
шаруашылығы дақылдарының
тізбесін және субсидиялардың
нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2017 жылға басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.
2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» № 309/7 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5249 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қазанда «Регион.kz» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қалалар мен аудандар әкімдері субсидиялардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
4 4. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2017 жылға басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «20» маусымдағы
№ 173/3 қаулысына
қосымша
2017 жылға басым ауылшаруашылығы дақылдарының тізбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормалары (1 гектар және (немесе) 1 тоннаға)
Р/с
№
Басым дақылдардың атауы
Өлшем бірлігі
Бюджеттік субсидиялардың нормалары, теңге
1
Біржылдық шөптер
гектар
10000
2
Ағымдағы жылы немесе өткен жылғы күзде себілген көпжылдық шөптер
гектар
10000
3
Сүрлемге арналған жүгері
гектар
10000
4
Сүрлемге арналған күнбағыс
гектар
10000
5
Қорғалған топырақтағы көкөністер – өнеркәсіпті типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)
гектар
1750000
6
Қорғалған топырақтағы көкөністер – қарапайым типтің жылыжайлары (1 дақыл айналымы)
гектар
457648
7
Күнбағыс
тонна
10000
8
Зығыр
тонна
10000
9
Рапс
тонна
10000
10
Майбұршақ
тонна
10000