Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам

Қаулы · № 543 · қабылданған 06.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-114472/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам Қолданыста Қаулы ·№ 543 ·06.09.2017
06.09.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам

Қолданыста Қаулы ·№ 543 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям, прошедшим стажировку по языковым курсам
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
543
Қабылданған күні
06.09.2017
Көрсетілген редакция
06.09.2017 114472_221480.kaz
Соңғы өзгеріс
06.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000543
ЭКБ идентификаторы
114472
Редакция идентификаторы
114472_221480
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:57

0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

1 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;

2 2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың бесі күніне дейін бөлінген ағымдағы нысаналы ағымдағы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бекітілген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын аударуды;

2 2) облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.

2

2. Нысаналы трансферттер облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 117 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша бөлінеді.

3 3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган;

2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

3 3) тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы – физика, химия, биология, информатика пәндері бойынша негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне төленетін қосымша ақы.

4 4. Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады.

2 2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

5

5. Нысаналы трансферттер тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшердегі жұмыс берушінің жарналарын (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар) ескере отырып, қосымша ақы төлеуге пайдаланылады. Қосымша ақыны есептеу 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап жүргізіледі.

6 6. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуы бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7

7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен бөлінген тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін нысаналы трансферттердің сомалары келесі қаржы жылының 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатады.

8 8. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) жеке қаржыландыру жоспарларына және осы Қағидаларға сәйкес республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады;

2 2) білім беру саласындағы орталық уәкілетті органға облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы тоқсан сайын есеп береді.

Қолданыстағы