Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов и объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2017 год

Қаулы · № 211 · қабылданған 12.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-114928/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении нормативов и объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 211 ·12.09.2017
12.09.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов и объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 211 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов и объемов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2017 год
Атауы (қаз.)
2017 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау нормативтері мен көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
211
Қабылданған күні
12.09.2017
Көрсетілген редакция
12.09.2017 114928_235339.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17M0003433
ЭКБ идентификаторы
114928
Редакция идентификаторы
114928_235339
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:54

0 2017 жылға асыл тұқымды мал

шаруашылығын дамытуды, мал
шаруашылығының өнімділігін және өнім
сапасын арттыруды субсидиялау
нормативтері мен көлемдерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар бекітілсін:

осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес мал шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері.

2

2. «Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Б. Берішбаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

«Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
__________ С.Б. Берішбаев
"12" _09_ 2017 жыл

5 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «12» _09_
№ 211 қаулысына
1 қосымша
Мал шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1
Қой шаруашылығы
бас
1500
2
Жылқы шаруашылығы
бас
1870
3
Түйе шаруашылығы
бас
1600
4
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
бас
300

6 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «12»_09_
№ 211 қаулысына
2 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге
арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар

Субсидиялау бағыты
Өлшемдер мен талаптар
1
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу
Аналық мал басының болуы
Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында тіркелуінің болуы
Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

7 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2017 жылғы «12»_09_
№ 211 қаулысына
3 қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері

Субсидиялау бағыты
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем, бас/
килограмм
Субсидия сомасы,
мың теңге
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
1
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу:
асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы
2 500
5776
14 440,0
2
Асыл тұқымды қойлар сатып алу:
1)
тұсақтар
8000
935
7480,0
2)
тұқымдық қошқарлар
20000
30
600,0
3
Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
400
20000
8000,0
4
Етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
150000
2
300,0
5
Асыл тұқымды жылқылар сатып алу:
1)
байталдар
40000
120
4800,0
2)
еркек жылқылар
100000
10
1000,0
Барлығы
36620,0
Өнім өндірісінің құнын арзандату
6
Түйе еті
90
15 000
1 350,0
7
Түйе сүтін өндіру және қайта өндеу
55
285000
15675,0
8
Жылқы еті
92
15 000
1 380,0
9
Бие сүтін өндіру және қайта өндеу
60
60 000
3 600,0
10
Қозы еті
1500
300
450,0
Барлығы
22455,0
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу
11
Қой шаруашылығы
1500
6000
9 000,0
12
Жылқы шаруашылығы
1870
1500
2 805,0
13
Түйе шаруашылығы
1600
1200
1 920,0
14
Жұмыртқалы
құс шаруашылығы
300
25 000
7 500,0
Барлығы
21 225,0
Жиынтығы
80 300,0

Қолданыстағы