Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-9/389
- Қабылданған күні
- 02.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2017 115241_240372.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BE006107
- ЭКБ идентификаторы
- 115241
- Редакция идентификаторы
- 115241_240372
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:44
0 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылға 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2 2. Атбасар ауданы әкімдігінің кейбір қаулылары күші жойылды деп танылсын:
Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № а-1/13 «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5743 тіркелген, «Атбасар», «Простор» газеттерінде 2017 жылдың 17 ақпанында жарияланды) қаулысы;
Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № а-4/138 «Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қаңтарындағы № а-1/13 «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5960 тіркелген, «Атбасар», «Простор» газеттерінде 2017 жылдың 2 маусымында жарияланды) қаулысы.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атбасар ауданы әкімінің орынбасары Қ.Х. Тәжденоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Атбасар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 2 қазандағы
№ а-9/389 қаулысымен
бекітілді
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
1
Балабақша
670
0
23869
0
12145
0
2
Балалар толық күн болатын мектеп жаңындағы шағын орталық
492
0
16922
0
12145
0
3
Балалар жарты күн болатын мектеп жаңындағы шағын орталық
110
0
8461
0
6500
0