Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы по Казалинскому району на 2017 год

Қаулы · № 186 · қабылданған 20.09.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2017-ekb-115252/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы по Казалинскому району на 2017 год Қолданыста Қаулы ·№ 186 ·20.09.2017
20.09.2017 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы по Казалинскому району на 2017 год

Қолданыста Қаулы ·№ 186 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы по Казалинскому району на 2017 год
Атауы (қаз.)
Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
20.09.2017
Көрсетілген редакция
20.09.2017 115252_242140.kaz
Соңғы өзгеріс
20.09.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LD005982
ЭКБ идентификаторы
115252
Редакция идентификаторы
115252_242140
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:50

0 Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

2

2. «Қазалы ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 17 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5718 тіркелген, 2017 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 Қазалы ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№186 қаулысына 1-қосымша
2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы есебiнен мектепке дейiнгi ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
1
Қазалы ауданы
1567

6 Қазалы ауданы әкімдігінің

2017 жылғы 20 қыркүйектегі
№186 қаулысына 2-қосымша
2017 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мемлекеттiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері
Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жеке меншiк мектепке дейiнгi ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының бiр айдағы мөлшері
1
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес

Қолданыстағы