Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Шортандинскому району на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Шортандинскому району на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-10/222
- Қабылданған күні
- 12.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2017 115582_246263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BR006128
- ЭКБ идентификаторы
- 115582
- Редакция идентификаторы
- 115582_246263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:38
0 Шортанды ауданы бойынша
2017 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2
2. «Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Шортанды ауданы әкімдігі 2017 жылғы 17 ақпандағы № А-2/35 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5837 тіркелген, 2017 жылдың 29 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрдегі жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Шортанды ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 12 қазандағы
№ А-10/222
қаулысымен бекітілген
Шортанды ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі білім ұйымның түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының бір айға арналған ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге)
мемлекеттік
жекеменшік
мемлекеттік
жекеменшік
мемлекеттік
жекеменшік
Балабақша
764
70
25540
27146
8000
15000
Балалар толық күн болатын шағын орталық
165
0
18105
0
8000
0
Балалар жарты күн болатын шағын орталық
318
0
10921
0
0
0