Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Ерейментаускому району на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Ерейментаускому району на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-10/335
- Қабылданған күні
- 12.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.10.2017 115718_248848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BI006133
- ЭКБ идентификаторы
- 115718
- Редакция идентификаторы
- 115718_248848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:38
0 2017 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2017 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2 2. Ерейментау ауданы әкімдігінің қаулылары осы қаулының қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Е. Әлжановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға тарайды.
5 Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «12» қазан
№ а-10/335 қаулысымен
бекітілді
2017 жылға арналған Ерейментау ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Меншік түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Бір тәрбиеленушіге айына (теңге) шығындардың орташа құны
Мектепке дейінгі мекемелерде айына (теңге) ата-ана төлемақысының мөлшері
Бөбекжай- бақшасы
Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық
Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық
Бөбекжай- бақшасы
Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық
Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық
Бөбекжай- бақшасы
Толымсыз жұмыс күнімен дербес шағын орталық
Мектеп жанындағы толымсыз жұмыс күнімен шағын орталық
мемлекеттік
190
0
520
30500
0
8825
Үш жасқа дейін -9500
Үш жастан жоғары - 10000
0
0
жеке меншік
170
10
0
30500
17650
0
Үш жасқа дейін -12000
Үш жастан жоғары - 15000
Үш жасқа дейін-2500
Үш жастан жоғары- 3000
0
6 Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «12» қазан
№ а-10/335
қаулысына қосымша
Ерейментау ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған
қаулылардың тізбесі
1
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3831 тіркелді, 2013 жылғы 19 қазанда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
2
2. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № а-12/616 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № а-9/443 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3906 тіркелді, 2013 жылғы 14 желтоқсанда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
3
3. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № а-8/394 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4337 тіркелді, 2014 жылғы 13 қыркүйектегі «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
4
4. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № а-12/632 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4565 тіркелді, 2015 жылғы 17 қаңтарда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
5
5. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № а-9/437 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 тіркелді, 2015 жылғы 7 қазанда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
6
6. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № а-5/244 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5422 тіркелді, 2016 жылғы 29 маусымда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы;
7
7. Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № а-9/388 Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № А-9/443 «Ерейментау ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5564 тіркелді, 2016 жылғы 19қазанда «Ереймен», «Ерейментау» газеттерінде жарияланды) қаулысы.