Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9356
- Қабылданған күні
- 20.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.10.2017 115801_251830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LA006011
- ЭКБ идентификаторы
- 115801
- Редакция идентификаторы
- 115801_251830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:34
0 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Қызылорда қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.
2
2. «2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» Қызылорда қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 17 сәуiрдегi №7607 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5825 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетiнде 2017 жылғы 17 мамырда №32, «Кызылорда таймс» газетінде 2017 жылғы 17-23 мамырда №19, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 18 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қызылорда қаласы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қызылорда қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№9356 қаулысына қосымша
Қызылорда қаласының 2017 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы,
ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Мектепке дейiнгi тәрбие және
оқыту ұйымдарының әкiмшiлiк-
аумақтық орналасуы
(аудан, қала)
Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушiлер саны
Балабақша
Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-орталықтар
Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар
Дербес
толық
күндiк
шағын-
орталықтар
Дербес
жарты
күндiк
шағын-орталықтар
1
2
3
4
5
6
7
1
Қызылорда қаласы
20 372
1000
0
220
0
Кестенің жалғасы
Мектепке дейiнгi ұйымдар ата-аналарының бiр айдағы төлемақысының мөлшерi (теңге)
Балабақша
Мектеп жанындағы толық
күндiк
шағын-
орталықтар
Мектеп жанындағы жарты
күндiк
шағын-орталықтар
Дербес
толық
күндiк
шағын-орталықтар
Дербес
жарты
күндiк шағын-орталықтар
8
9
10
11
12
10 000
10 000
0
22 690
0