Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размер родительской платы на 2017 год
- Атауы (қаз.)
- 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-11/543
- Қабылданған күні
- 15.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2017 116412_260761.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BB006199
- ЭКБ идентификаторы
- 116412
- Редакция идентификаторы
- 116412_260761
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:16
0 2017 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2
2. Степногорск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 03 сәуірдегі № а-4/164 «2017 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5933 тіркелген, 2017 жылдың 18 мамырда «Степногорск ақшамы» қалалық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Степногорск қаласы әкімдігінің
2017 жылғы __15.11_________
№ _а-11/543______қаулысымен
бекітілген
2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Ұйымның атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Айына ата-ана төлемақысының мөлшері
(теңге)
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
1
Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
280
10000
23869,7
2
«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін «Балауса» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
220
10000
23869,7
3
«Дарын» жеке балабақшасы
«ДС-Дарын» ЖШС
200
15000
23869,7
4
«Сказка» жеке балабақшасы
ДК Лагута Светлана Васильевна
165
17000
22779
5
«Асыл» жеке балабақшасы
ДК «Бексултан»
75
18000
23869,7
6
«Айлана» жеке шағын орталығы
ДК Есжанова Фарида Буташевна
30
20000
16921,6
7
Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балдаурен» шағын орталығы
40
10000
16921,6
8
Степногорск қаласының білім бөлімінің «Степногор ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы
20
10000
16921,6
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДК - дара кәсіпкер;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.