Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта в Павлодарской области на 2018 - 2019 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регионального перечня приоритетных видов спорта в Павлодарской области на 2018 - 2019 годы
- Атауы (қаз.)
- 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 395/6
- Қабылданған күні
- 07.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2017 116946_266653.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005755
- ЭКБ идентификаторы
- 116946
- Редакция идентификаторы
- 116946_266653
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:57
0 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.
2 2. «Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы
2017 жылғы «05» желтоқсан
5 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «7» желтоқсандағы
№ 395/6 қаулысымен
бекітілді
2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі
Топтар атауы
Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы
Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы
Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы
Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы
Ұлттық спорт түрлерінің атауы
1
2
3
4
5
6
«А» тобы
Джиу-джитсу
Муайтай
Пауэрлифтинг
Спорттық акробатика
Шахмат
Баскетбол
Бокс
Велосипед спорты
Волейбол
Еркін күрес
Дзюдо
Жеңіл атлетика
Жүзу
Оқ ату
Көркем гимнастика
Биатлон
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей
Жеңіл атлетика Шаңғы жарысы
Үстел теннисі
Пауэрлифтинг
Жүзу
Оқ ату
Садақ ату
Көкпар
Қазақ күресі
Тоғызқұмалақ
1
2
3
4
5
6
«В» тобы
Армрестлинг
Бодибилдинг
Гір спорты
Сурдо жүзу
Президенттік көпсайыс
Самбо
Спорттық би
Таеквондо сурдо
Таеквондо ITF
Дойбы
Сурдо дойбы
Гандбол
Грек-рим күресі
Үстел теннисі
Спорттық гимнастика
Таеквондо WTF
Футбол
Коньки спорты
Шорт-трек
Аударыспақ
Құсбегілік (саятшылық) Теңге алу
«С» тобы
Автоспорт
Бильярд спорты
Белбеу күресі
Каратэ кекушинкай
Кикбоксинг
Жағажай футболы
Балық аулау спорты
Спорттық бағдарлау
Спорттық туризм
Академиялық есу
Байдаркадамен каноэде есу
Батутта және акробатикалық жолда секіру
Регби
Құзға өрмелеу
Стенд ату
Садақ ату
Теннис
Триатлон
Ауыр атлетика
Тау шаңғы спорты
Мәнерлеп сырғанау
Фристайл
Асық ату
Бәйге
Қыз қуу