Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жуалынскому району на 2018-2019 годы

Өзге акт · № 20-7 · қабылданған 20.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-2019-ekb-117807/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жуалынскому району на 2018-2019 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 20-7 ·20.12.2017
20.12.2017 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жуалынскому району на 2018-2019 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 20-7 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жуалынскому району на 2018-2019 годы
Атауы (қаз.)
Жуалы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
20-7
Қабылданған күні
20.12.2017
Қолданысқа енгізілген күні
29.01.2018
Көрсетілген редакция
20.12.2017 117807_278347.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17GD003662
ЭКБ идентификаторы
117807
Редакция идентификаторы
117807_278347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:42

0 Жуалы ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Жуалы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдардың құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Жуалы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарының кіріспесі

Жуалы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 20-7 шешімімен бекітілген
Жуалы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспарының кіріспесі
Жуалы ауданы ауылшаруашылығында негізделген, соңғы уақытта мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан аймақ. Еліміздің азық-түлікпен толық қамтамасыз ету міндетін орындауда мал шаруашылығын дамыту айрықша орын алатын болса, оның негізі-табиғи жайылымдардың тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдалану, жайылымның тозуын болдырмау, жақсарту шараларын жүзеге асыру кезек күттірмейтін міндет.
Осыған орай Жуалы ауданы әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде ауылдық округтер, шаруа қожалықтары жалпы аудан аумағындағы төрт түлік мал басының жайылымдық жерлермен қамтылу жағдайын талдау жүргізіледі.
Жуалы ауданының ауа райы өте континенталды: қысы қатаң, қарлы борандар көп байқалады, көктемде селдер жүреді, жазы-ыстық.
Қаңтар айының орташа температурасы – 25 – 27 градус, шілде айы 22 – 24 градус. Жылдық атмосфералық жауын-шашынның көлемі орташа 300-500 миллиметрді құрайды.
Қазіргі таңда аудан бойынша мүйізді ірі қара мал 41094 бас, уақ мал 242201 бас, жылқы 10910 басты құрайды және аталған малдарға арналған барлығы 14 мал дәрігерлік пункттері, 14 қашырым пунктері, 4 мал көмінділері (биотермиялық шұңқыр) бар.
Жуалы ауданы 14 ауылдық округке бөлінген 49 елді мекеннен тұрады.
Бүгінгі күнге ауылшаруашылығы өндірісін жүргізіп жатқан 2396 шаруа қожалықтары, 3 ауылшаруашылығы кооперативі,8 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 3 әртүрлі тұлғалар құрайды.
Жуалы ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ-нің Билікөл орманшылығының Мойынқұм өңірінің мал жайылымдық жерінде барлығы 67 құдық жүйесі орнатылған. Бүгінгі күнге Жуалы өңірінде 14 жанама орман пайдаланушылар құдық суларын пайдаланып шаруашылықтарын жүргізуде.
Жоспардың мақсаты: жайылымдарды басқару және оларды пайдалану.
Жоспардың іске асырылу мерзімі: 2018 жылдың басынан 2019 жылдың аяғына дейін.
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік- аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Жайылым айналымдарының қолайлы схемасы
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Ауылшаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Р/с
Ауылдық округ
Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі
Шалғай жайылымдардан малдардың қайтарылу мерзімі
Ескерту
1
Ақсай
Сәуір айының 1 жартысы
Қазанайының 2 он күндігінде
2
Ақтөбе
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
3
Б.Момышұлы
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
4
Билікөл
Наурыз айының 1 жартысы
Қараша айының 2 он күндігінде
5
Боралдай
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
6
Жетітөбе
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
7
Қарасаз
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
8
Қошқарата
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
9
Көкбастау
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
10
Күреңбел
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
11
Қызыларық
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
12
Мыңбұлақ
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
13
Нұрлыкент
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
14
Шақпақ
Сәуір айының 1 жартысы
Қазан айының 2 он күндігінде
Жуалы ауданындағы жайылымдардың геоботаникалық
жағдайы туралы мәлімет

1 1. Жалпы мәлімет.

Жуалы ауданы Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан және солтүстік-батысында Талас, солтүстік-шығысында Жамбыл аудандарымен, оңтүстік-шығысында Қырғызстан Республикасымен, оңтүстік-батысы және батысында Оңтүстің Қазақстан облысымен шектеседі.
Аудан территориалдық орналасуы бойынша екі учаскеден тұрады – негізгі және Мойынқұм құмдары. Аудан аумағының негізгі жер пайдаланушылары компактілі массив болып, ұзындығы солтүстіктен оңтүстікке 90 шақырым болса, шығыстан батысқа дейін 80 шақырымды құрайды. Мойынқұм құмдарында орналасқан учаске аудан орталығынан 200 шақырым және ол жерлер мал шаруашылығының қысқы жайлауы болып табылады.
Ауданның жалпы көлемі әкімшілік шектері бойынша 421,3 мың гектар, бұл облыс аумағының 2,9 %.
Аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында және ауданның шығыс бөлігінде облыс орталығы Тараз қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан.
Аудан орталығы сонымен қатар үлкен теміржол стансасы болып табылады. Аудандағы елді мекендермен ішкі байланыс республикалық, облыстық және жергілікті мәндегі жолдармен жүзеге асырылады.
Аудандағы ауылшаруашылығының негізгі саласы картоп және сүтті мал шаруашылығы. Бұл саланың дамуына табиғи-климаттық жағдайлар, сонымен қатар үлкен өндіріс орталығы Тараз қаласының жақындығы, аудан осы қаланың тұрғындарын картоп және сүтпен қамтамасыз етуде.
Ауданның барлық жерінің жер санаттары бойынша бөліну есебі
Р/с
Жер санаттарының атауы
Барлығы
Оның ішінде
суармалы
1
Ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлер
Оның ішінде:
а) мемлекеттік емес ауылшаруашылық заңды тұлғалардың жерлері
б) мемлекеттік ауылшаруашылық заңды тұлғалардың жерлері
в) шаруа қожалығының жерлері
г) азаматтарға бау-бақша және саяжай құрылысын жүргізу үшін берілген жерлер
218 252
28 999
3014
186 239
-
8 154
1638
76
6440
-
2
Елді мекен жерлері
32 551
1529
3
Өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер
2813
1
4
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері
10 682
4
4
Орман қорының жері
103 905
12
5
Су қорының жері
11 120
-
6
Босалқы
34 449
86
7
Барлығы
7
Басқа аудандардың жер пайдаланушылары пайдаланатын жерлері
74
-
Барлығы:
413 698
17 940

2 2. Климат

Аудан аумағы Тянь-Шаньның таулы және тау маңындағы табиғи-шаруашылық бөлігінде суармалы және богарлық жерлерде орналасып, мал шаруашылығы дамыған болып табылады.
Аудан агроклиматтық түрі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1. Өте құрғақ тау маңының аумағы, солтүстік тау маңының бөлігі.

2 2. Жуалы ауданының қалған барлық аумағын алатын бөлігі, бірыңғай құрғақтаулы және бірыңғай ыстық аумақ.

Жалпы ауданның климаты құрғақ және қаттыконтитенттік. Бұл оның
ішкі материктік орналасуында болып отыр. Алайда тау жүйелері климатты қалыптастыруға да өз әсерін тигізіп отырады. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстік аумағына тән, аудан аумағында құрғақ және ыстық климат бар болса, салқын және аздап құрғақ учаскелер де бар. Жуалы қазаншұңқырында өте төмен ауа қалыптасып отырады. Бұл негізінен барлық жағынан тау қоршауында болғандықтан орын алады, тек солтүстік-шығысындағы тар өткелден сібір антициклоны мен арктикалық суық кіріп отырады. Қыс бұлжақта ұзақ және суық. Теріс орташа-айлық температура бес ай бойы сақталады.
Аудан аумағы бойынша ылғалдың түсуі біркелкі емес. Атмосфералық ылғалдың өте аз түсуі солтүстік-шығыс бөлігінде байқалады. Жылына бұл жерде орташа 324 миллиметр түседі.
Негізінен ауданның батыс бөлігіндегі таулы аймақтарда ылғал көп түседі, орташа түсім 636 миллиметрге жетеді. Көктем кезінде ылғал өте көп болады. Бұл кезде жылдық мөлшердің 40 % түседі. Жазда, әсіресе екінші жартысында, ылғал өте аз болады. Ылғал түскен кезде жылына 20 күн найзағай болады. Күннің күркүреуі мамыр, маусым айларында жиі болады.
Ауылшаруашылығы өндірісінің түрлі саласын дамытуға климаттық жағдайлар қолайлы әсер етеді. Таулы аймақтарда, ылғалдың көп түсуіне байланысты, тәлімі жер пайдалану дамыған. Негізінен жаздық дәнді дақылдар өсіріледі, өйткені күздік бидай қыстың суығын нашар өткізеді.
Суармалы жерлерде картоп және көкөніс өсіреді. Баубақша дамытуға болады. Көкөніс өсіру кезінде көктемнің үсіктері қиындық туғызады.
Ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде, ылғалдың аз түсуіне сәйкес, егін шаруашылығы қосымша суару арқылы жүргізіледі. Тау баурайлары, жазғы және көктем-күзгі уақыттарда жайылым ретінде пайдаланып, ірі-қара мал, қой және жылқы өсіріледі.

3 3. Жер бедері. (Рельеф)

Жуалы ауданының аумағында таулы, сол сияқты тегіс бедерлер дамыған. Тау сілемдері орталық, оңтүстік және оңтүстік-батыс ауданның бөліктерінде дамыған. Олар тар тау аңғарларымен бөлінген тегіс бедерлер ауданның солтүстік бөлігінде байқалады.
Ауданның оңтүстік бөлігінде Талас Алатауының жотасы өтеді. Ал оңтүстік-батысында ауданның аумағына Боралдай тауы кіреді, ол үлкен Қаратау тау сілемдеріне жатады. Биік тау беткейлерінің ауданы көктемгі-күзгі жайылым ретінде пайдаланылады және жаз кездері малдың барлық түрлеріне жарайды. Жер бедерінің күрделігіне сәйкес егіншілік жүргізу мүмкін емес.
Оңтүстіктегі Талас Алатауы тау жүйесі, батыстағы Боралдай тауы және Қаратау жоталары орналасқан аралықта 960-1500 метр теңіз деңгейінен жоғарыда еңістеу-жайпақ жазық Жуалы қазаншұңқырында аудандағы ең құнарлы жерлер шоғырланған.
Таулы жерлердің бедерін, өзендердің арналары, сайлар бөлшектеп тастағандықтан ол жерлерді егіншілікке пайдалану қиыншылықтар туғызады. Бұл негізінен жайылымдық жерлер. Ауданның тау аралық жерлерінде ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану қиындық туғызады.

4 4. Өсімдіктер.

Аудан аумағында өсімдіктің көптігімен ерекшеленеді, өйткені жазық бөліктегі географиялық жағдайлар әсер етсе, ал таулы аймақта- тік аймақты заңдылықтардың әсері болады.
Боралдай және Талас Алатауының тауларында тау шабындықтары орналасқан. Бұл жаздық жайылымда барлық малға арналған жоғары сіңілуі өсімдіктер бар. Өнімділігі 15-25 центнер гектар көк майса.
Төменгі және тау маңындағы учаскелер негінен жайылымдық шөп орылатын жерлер. Жайылымның қайырылу мерзімі –көктем-күз.
Жайылым жерлер көбінесе селеулі – бетегелі-жусанды, бетегелі-жусанды, дәнді – жусанды – бозды - бетегелі, бидайықты – айрауықты - дәнді, қияқ - дәнді және қияқ – дәнді - құрақты күрделі байланыстырылған қоғамдастықтарымен ұсынылған.
Теріс өзенінің жайылма бөлігінде өсімдіктердің түрлері жер суының жағасында болғандықтан кездеседі. Негізінен бұл аймақ шөп орылатын жерлер ретінде пайдаланылады. Өнімділігі 10-18 центнер гектар шөп кейбір учаскелер малдың барлық түрлерімен құртылады. Теріс өзенінің жоғары жайылма террассасы интенсивті егіншаруашылығына жатады. Табиғи өсімдіктер егістік көп жолдардың жағалауында сақталып қалған.
Сонымен, аудан аумағында шабындық және жайылымдық жерлерде барлық мезгілге пайдалануға болады.Табиғи жерлердің өнімділігін көбейту мақсатында және топырақтың су эрозиясының дамуын тежеу үшін мал жаюды қатаң реттеп, жайылым айналмасын енгізіп, шөп егіп, жайылымды мезгілімен пайдаланған жөн.
Төменде табиғи жайылымдарда алты өрістік жайылым айналымының сызбасы көрсетілген.
Жайылымдарды қолданудың күнтізбелік графигін есепке ала отырып бір рет жайлығаннан кейінгі алты өрістік жайылымайналымының сызбасының үлгісі
Жылдар
Жайылым өрістіктердің нөмірі
I
II
III
IV
V
VI
1
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Бір рет жайылған 01.10. мен10.11. аралығы
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
2
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы
3
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы
4
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы
5
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы
6
Бір рет жайылған 24.04. мен 02.06 аралығы
Бір рет жайылған 03.06. мен 12.07 аралығы
Бір рет жайылған 13.07. мен 21.08 аралығы
Бір рет жайылған 22.08. мен 30.09 аралығы
Дала демалысы (жайылым жүрмейді)
Бір рет жайылған 01.10. мен 10.11. аралығы
Көріп отырғандай, жайылым айналымы сызбасында, 6 жылда бір рет шөп жайылымдарына "демалыс" беріледі, яғни жайылым деградациясының алдын алады.

5 5. Топырақ

Аудан аумағында көп таралған топырақтың ақшыл сары карбонатты түрлері кездеседі. Олар негізінен орта және төменгі тау аумағындағы жазықтарда сондай-ақ төменгі үстірттерде, ылдиларда таралған. Бұл топырақтар негізінен ауданда тәлімді және суармалы егін шаруашылығы үшін игеріледі.
Ауданның солтүстік-шығысы бөлігінде жәй сұр жерлер таралған. Бұл сұр жерлердің 10-ға жуық түрі бөлінген. Олардың негізінен механикалық құрамы орташа және жеңіл суглинонтар.
Билікөл көлінің ауданында және өзендердің алқаптарында шалғынды-сұр жерлер, сұр-шалғынды және шалғынды топырақтар таралған. Бұл топырақтардың құрамында қарашірік өте көп. Тұздалмаған және терең тұздалған бұл топырақтар түрлері аудандағы ең жақсы жерлер болып саналады, ол жерлерге ауылшаруашылығы дақылдарының барлық түрлерін өсіруге болады. Сортаң және қатты сортаң жерлердің жайылым және шөп орып алу үшін пайдаланылады.
Тау бедерлерінің қиыншылықтарына сәйкес айдалатын жерлерді егіншаруашылық пайдалану мүмкін емес. Сондықтан ол жерлерді жайылымдыққа ұсынылады.

6 6. Гидрография және суландыру.

Аудан гидрографиясының жүйесі жақсы дамыған және де кішігірім, бірақ көптеген өзендер, бұлақтар, бастаулармен ұсынылған. Аудан аумағындағы гидрография элементтері суландыратын каналдар, тоғандар, су қоймалары және «Қарасу»-жерасты суының шығуы мен суландыратын сулар болып табылады.
Теріс өзені, Аса өзенінің сол саласы болып табылады және ол 200-1500 метр биіктіктегі Талас Алатауының қиылысқан жеріндегі бастаудан басталады. Өзеннің орташа еңістігі 7,6%. Теріс өзенінің барлық ұзындығы бойынша жайылма жерлер екі жақты, шөпті, 150-250 метр, ол Нұрлыкент ауылының тұсында - 480 метр. Өзеннің арнасы бұралаңды, салаланбаған, орнықты. Басым бөлігінің ені 10-20 метр, ең үлкені 40 метр, тереңдігі 0,5-0,8 метр. Нұрлыкент ауылының төменгі жағында Теріс өзеніне Теріс Ащыбұлақ су қоймасы салынған. Бұл су қоймасы суландыру үшін және өзеннің мерзімдік ағысын реттеп отыру үшін. Сиымдылығы 0,158 киллометр куб.
Ақсай өзені Талас Алатауының солтүстік беткейлерінен бастау алады және Теріс өзеніне құйылады.
Көксай өзені Талас Алатауының солтүстік беткейіндегі 2500 метр биіктікте орналасқан тау көлінен басталып, Теріс өзеніне жетпей жоғалып кетеді.
Аудан аумағында Қаратаудың етегінде Билікөл көлі орналасқан. Көл оңтүстіктен солтүстікке қарай созылған және дұрыс емес түрде. Өзен айдынның көлемі 87 киллометр квадрат, ең терең жерлері 6-7 метр. Көлдің жағалаулары Аса өзенінің сағасында жайпақ және солтүстігін қамыс басқан.
Ауданда су асты суларын негізінен жайылымдарды суландыру үшін пайдаланады.

7 7. Жайылым геоботаникасы

Жайылым өнімділігі анықтау үшін Республикалық мемлекеттік "Мемлекеттік жерге орналастыру және жер ресурстары ғылыми өндірістік орталығы" кәсіпорыны мамандарының 1980-2012 жылдарда өткен геоботаникалық зерттеулерінің деректері қолданылды. Жайылым жерлердің құрғақ массасының орташа өнімділігі 3,3 центнер/гектар, азық өлшеміне қайта есептегенде -1,5 центнер/гектар. Осыны қорытындылай келе, аудан жеріндегі азық бірлігіндегі қосалқы азық салмағын есептеп шығаруға болады:1,5*224 956 гектар=337434 центнер азық бірлігі.
Жайылымдағы қосалқы азық 180-200 күнге жалғасатын жайылым кезеңінде қолданылады. Шабылған шөп пен жасанды шабылған шөптің қосалқы азығы қыстау кезеңінде қолданылады.

8 8. Жайылым сыйымдылығы

Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде жүргізілді. Шамамен алғанда, жасыл азықтың келесі нормалары алынды(орта есеппен бір бас малға): ірі қара мал (ірі қара мал) - 4 килограмм, ұсақ қара мал (ұсақ қара мал) - 2 килограмм, жылқылар - 6 килограмм. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 180-200 күн. Осылайша, жайылым өнімін, малдың жасыл азықты бір күндегі қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.
Жайылымның орташа өнімділігі, яғни бір гектардан құрғақ масса 3,3 центнер, жайылым ұзақтығы 180 күн, ірі қара мал бір басына күніне 4 килограмм жасыл азық қажет, демек жайылымның барлық кезеңінде 4*180=720 килограмм немесе 7,2 центнер қажет.
Жуалы ауданының ауылдық округтері бойынша Ветеринариялық-санитарлық объектілер туралы мәлімет

Ауылдық округтердің атауы
Мал дәрігерлік пунктері
Мал тоғыту орындары
Қашырым пунктері
Мал көмінділері
1
Ақсай
1
-
1
2
Ақтөбе
1
-
1
3
Б.Момышұлы
1
-
1
4
Билікөл
1
-
1
5
Боралдай
1
-
1
1
6
Жетітөбе
1
-
1
7
Қарасаз
1
-
1
8
Қошқарата
1
-
1
9
Көкбастау
1
-
1
1
10
Күреңбел
1
-
1
1
11
Қызыларық
1
-
1
12
Мыңбұлақ
1
-
1
1
13
Нұрлыкент
1
-
1
14
Шақпақ
1
-
1
Иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер.
Р/с
Аудан округтері және шаруа қожалық атауы
Мал басының есебі
Мүйізді ірі қара
Қой-ешкі
Жылқы
Құс
1
Ақсай
1657,0
6919,0
458,0
3960
оның ішінде:
Калдарбеков Шаяхмет
60
-
15
-
Кадыров Сат
75
-
-
-
Олжабаева Базаркүл
86
692
57
-
Қосалқы шаруашылықта
1436
6227
386
-
2
Ақтөбе
3167,0
10779,0
645,0
5215
оның ішінде:
Каримова Светлана
225
-
-
-
Ишанкулова Лайла
-
-
95
-
Токтаев Сейдакпар
75
895
112
-
Тойшибеков Азимхан
-
685
107
-
Қосалқы шаруашылықта
2867
9199
331
-
3
Боралдай
3190,0
18109,0
1292,0
5642
оның ішінде:
Айгелдиев Хамит
107
1665
72
-
Дуйсебекова Алтынай
159
-
43
-
Жайшыбеков Марат
96
850
106
-
Жумадилов Мусрепбек
-
920
51
-
Қонашева Жәмиля
-
1240
82
-
Курмашев Естай
37
910
39
-
Мешелов Кенже
224
1620
132
-
Мырзалиев Нургали
-
640
-
-
Сұрамысов Аманкелді
-
1700
-
-
Адилов Бауыржан
-
915
-
-
Қосалқы шаруашылықта
2567
7649
767
-
4
Билікөл
2031,0
46047,0
2709,0
4300
оның ішінде:
Омаров Нартбай
126
2560
116
-
Айхимбеков Бахытжан
-
1950
87
-
Паширов Тұрсынбай
-
687
42
-
Тажиев Амангелды
138
4176
158
-
Мұстафаев Мұрат
130
1960
88
-
Қайнарбеков Төрехан
106
891
36
-
Мышбаев Қадырқұл
180
5257
250
-
Лұхманова Тажикул
-
950
95
-
Абсалямова Хазиза
-
2245
136
-
Оразымбетов Жұмабек
47
947
-
-
Бейсенбаева Канымкул
-
1560
82
-
Цой Евгений
-
215
-
Абдуалиев Полат
-
760
-
-
Қосалқы шаруашылықта
1304
22104
1404
-
5
Б.Момышұлы
1524,0
6387,0
117,0
11056
оның ішінде:
Қосалқы шаруашылықта
1524
6387
117
11056
6
Нұрлыкент
3978,0
6899,0
306,0
4325
оның ішінде:
Жұмашев Әбен
-
760
57
-
Елекбаев Айбек
-
675
89
-
Төлегенов Мейірбек
218
-
77
-
Қосалқы шаруашылықта
3760
5464
83
-
7
Жетітөбе
4083,0
19000,0
645,0
5358
оның ішінде:
Саурықов Еркебұлан
376
1850
85
-
Наушабаев Қанат
275
1250
105
-
Абдрахов Естөре
112
1340
77
-
Қадірбаев Өтеш
-
980
43
-
Жақсылықов Рахым
218
-
-
-
Жақыпбеков Алби
120
1520
65
-
Қосалқы шаруашылықта
2982
12060
266
-
8
Қарасаз
4214,0
9364,0
663,0
5064
оның ішінде:
Махатаев Әмірқұл
136
-
-
-
Орақов Орынбасар
-
645
-
-
Ертаев Лесбек
-
940
-
-
Ахметов Абылнұр
72
520
-
-
Сегізбаев Дархан
-
436
-
-
Қойбақов Сейтхан
36
1100
62
-
Темірбекова Жанылкүл
170
1554
84
-
Қосалқы шаруашылықта
3800
4169
517
-
9
Қошқарата
3160,0
18252,0
706,0
4342
оның ішінде:
Маханбетов Болат
-
1560
83
-
Абдикеров Сағындык
-
1325
48
-
Тажибаев Досан
-
1146
53
-
Дазиев Е
97
1215
-
-
Төлеушов Ерболат
130
1400
96
-
Қадыров Ерғали
146
-
-
-
Дазиев Муцелик
95
1355
-
-
Толипбеков Досымбек
110
-
-
-
Бердалиева Роза
-
-
156
-
Тасболатов Мади
150
-
116
-
Әбдіқадыров Баймен
-
1450
98
-
Қосалқы шаруашылықта
2432
8801
56
-
10
Көкбастау
3004,0
12764,0
722,0
4694
оның ішінде:
Нұрпейсов Сағынбек
-
850
-
-
Раздыков Кенжехан
-
1055
-
-
Айнабекова Беріккүл
210
1150
-
-
Абдреева Б
-
1500
86
-
Турашева Мария
-
1260
43
-
Қосалқы шаруашылықта
2794
6949
593
-
11
Күреңбел
3081,0
16565,0
665,0
4879
оның ішінде:
Нысанов Алик
70
550
-
-
Төре Руслан
-
750
-
-
Арынов Марат
-
686
-
-
Қосалқы шаруашылықта
3011
14579
665
-
12
Қызыларық
3068,0
5753,0
810,0
4946
оның ішінде:
Үсенбаев Дәулет
-
856
245
-
Ахметов Асқар
97
628
156
-
Елекбаев Айбек
-
1230
125
-
Исаков Нұрмаханбет
84
1872
127
-
Халыкова Қалдыкүл
-
-
142
-
Қосалқы шаруашылықта
2887
1167
15
-
13
Шақпақ
3283,0
9799,0
786,0
4369
оның ішінде:
Коломацкий Виктор
115
-
62
-
Копбай Феруза
130
-
37
-
Нұралы Орынбасар
165
-
-
-
Федотова Оксана
356
-
-
-
Сәбеев Сайып
215
-
42
-
Қосалқы шаруашылықта
2302
9799
645
-
14
Мыңбұлақ
1654,0
7543,0
386,0
4596
оның ішінде:
Ашықбеков Шырынбек
-
-
105
-
Қаңтарбаева Анар
-
-
120
-
Төреқұлов Нұрлыхан
-
900
-
-
Қосалқы шаруашылықта
1654
6643
161
-
БАРЛЫҒЫ
41094,0
242201,0
10910,0
72 746
Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер
Р/с
Аудан
округтері
Табын, отар, үйірлердің саны
Мүйізді ірі қара (табын)
Жас мүйізді ірі қара
Уақ мал
(отар)
Жылқы (үйір)
1
Ақсай
4
-
2
2
2
Ақтөбе
6
-
3
6
3
Боралдай
12
-
20
10
4
Билікөл
14
-
48
26
5
Б.Момышұлы
-
-
-
-
6
Нұрлыкент
4
-
3
6
7
Жетітөбе
22
-
14
7
8
Қарасаз
8
-
10
3
9
Қошқарата
15
-
19
13
10
Көкбастау
4
-
12
3
11
Күреңбел
2
-
4
-
12
Қызыларық
4
-
9
16
13
Шақпақ
19
-
-
3
14
Мыңбұлақ
-
-
2
4
БАРЛЫҒЫ
114
-
146
99
Ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу
және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Р/С
Округ ата­уы
Ел­ді- ме­кен
жер-
лері
Оның ішін­де
ха­лық қа­жет­ті­лі­гі
үшін
(жай­ы­лы­мы
және
ша­бын­дық
ал­қап­та­ры)
Же­ке қо­жа­лық
және ша­руа
қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша мал
бас са­ны
Бір бір­лік­ке қа­жет жай­ы­лым кө­ле­мі,гек­тар
Нор­ма­тив бой­ын­ша қа­жет жай­ы­лым кө­ле­мі, гек­тар
Қо­сым­ша
қа­жет еті­ле­тін
жай­ы­лым
кө­ле­мі,
гек­тар
Қо­сым­ша бе­рі­ле­тін жай­ы­лым­дар
Оның ішінде
Мемле-
кеттік
жер
қо­ры­нан
(гек­тар)
Ел­ді-ме­кен же­рі­нен
(гек­тар)
Ор­ман жер қо­ры­нан
(гек­тар)
Ша­руа қо­жа­лық жай­ы­лым жер­ле­рі­нен
1
Ақ­сай
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
675 гектар
Жай­ы­лы­мы
360 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-1657
4,0
6 628
14 361
4
175
360
5
625
2 015
Уақ мал-6919
0,8
5 535
Жыл­қы-458
4,8
2 198
Барлығы:
9 034
14
361
2
Ақ­тө­бе
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
2087 гектар
Жай­ы­лы­мы
1305 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3167
4,0
12 668
24 387
277
1
305
-
3 269
Уақ мал-10779
0,8
8 623
Жыл­қы-645
4,8
3 096
Барлығы:
14 591
24 387
3
Же­ті­тө­бе Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
3070 гектар
Жай­ы­лы­мы
2085 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-4083
4,0
16 332
34 628
1 305
2 085
8
056
3 345
Уақ мал-19000
0,8
15 200
Жыл­қы-645
4,8
3 096
Барлығы:
23 728
34 628
4
Би­лі­көл
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
3028 гектар
Жай­ы­лы­мы
2494 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-2031
4,0
8 124
57 965
1 307
2 494
12 144
48 237
Уақ мал-46047
0,8
36 838
Жыл­қы-2709
4,8
13 003
Барлығы:
50 787
57 965
5
Бо­рал­дай Ша­руа қо­жа­лық­тар бой­ын­ша
3608 гектар
Жай­ы­лы­мы
2965 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3190
4,5
14 355
37 630
3 497
2 965
4 820
7 534
Уақ мал-18109
0,9
16 298
Жыл­қы-1292
5,4
6 977
Барлығы:
22 591
37 630
6
Кү­рең­бел Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
4124 гектар
Жай­ы­лы­мы
3622 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3081
4,5
13 864
32 345
505
3 622
7 358
6 318
Уақ мал-16565
0,9
14 908
Жыл­қы-665
5,4
3 591
Барлығы:
20 311
32 345
7
Көк­ба­стау
Ша­руа қо­жа­лық­тар
Бой­ын­ша
2096 гектар
Жай­ы­лы­мы
1047 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3004
4,0
12 006
25 683
196
1 047
6 207
15 034
Уақ мал-12764
0,8
10 211
Жыл­қы-722
4,8
3 466
Барлығы:
16 490
25 683
8
Қа­ра­саз
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
2234 гектар
Жай­ы­лы­мы
1703 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-4214
4,0
16 856
27 529
5
1 703
5 018
6 653
Уақ мал-9364
0,8
7 491
Жыл­қы-663
4,8
3 182
Барлығы:
14 241
27 529
9
Қош­қа­ра­та Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
2394 гектар
Жай­ы­лы­мы
1976 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3160
4,5
14 220
34 459
1 676
1 976
920
6 472
Уақ мал-18252
0,9
16 427
Жыл­қы-706
5,4
3 812
Барлығы:
22 118
34 459
10
Қы­зы­ла­рық Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
2841 гектар
Жай­ы­лы­мы
2216 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3068
4,0
12 272
17 862
2 228
2 216
-
3 459
Уақ мал-5753
0,8
2 202
Жыл­қы-810
4,8
3 388
Барлығы:
9 631
17 862
11
Мың­бұ­лақ Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
1508 гектар
Жай­ы­лы­мы
671 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-1654
4,0
6 616
14 503
2 623
671
40
3 616
Уақ мал-7543
0,8
6 034
Жыл­қы-386
4,8
1 853
Барлығы:
9 583
14 503
12
Нұр­лы­кент Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
1901 гектар
Жай­ы­лы­мы
1411 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3978
4,5
17 901
25 762
431
1 411
-
1 176
Уақ мал-6899
0,9
6 209
Жыл­қы-306
5,4
1 652
Барлығы:
11 183
25 762
13
Шақ­пақ
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
2170 гектар
Жай­ы­лы­мы
1598 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-3283
4,0
13 132
24 744
188
1 598
9 192
1 804
Уақ мал-9799
0,8
7 839
Жыл­қы-786
4,8
3 773
Барлығы:
13868
24 744
14
Б.Мо­мы­шұ­лы
Ша­руа қо­жа­лық­тар
бой­ын­ша
815 гектар
Жай­ы­лы­мы
108 гек­тар
Мүй­із­ді ірі қа­ра-1524
4,5
6 858
13 130
-
-
-
4 138
Уақ мал-6387
0,9
5 748
Жыл­қы-117
5,4
632
Барлығы:
8 028
13 238
Аудан бой­ын­ша
32 551
23 561
Мүй­із­ді ірі қа­ра-41094
Уақ мал-242 201
Жыл­қы-10 910
385 096
385 096
18 225
23 561
59 380
112 941
Екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі. Сонымен қатар жайылым кезеңінің ұзақтығы;
-Топырақтық-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылымы өнімділігіне байланысты жайылымның ұзақтық кезеңі;
-Таулы, орманды дала –170-180 күн,
-Құмды-шөлейтте – 180-200 күн,
Бұл ретте сүтті ірі қара малды жаю ұзақтығы - ең кіші, ал етті ірі қара мал, қой, жылқы, түйе үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігіне, қардың тығыздығына және басқа да факторларға байланысты.
Малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер
Жуалы ауданы бойынша малды ауыл шаруашылық жануарларын айдап өтуге және көшіруге 1870 гектар жер белгіленген.

Қолданыстағы