Құжат мәтініне өту

Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию по Макатскому району на 2018-2019 годы

Өзге акт · № 153-VI · қабылданған 30.01.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-2019-ekb-118913/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию по Макатскому району на 2018-2019 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 153-VI ·30.01.2018
30.01.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию по Макатскому району на 2018-2019 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 153-VI · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении плана по управлению пастбищами и их использованию по Макатскому району на 2018-2019 годы
Атауы (қаз.)
Мақат ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
153-VI
Қабылданған күні
30.01.2018
Көрсетілген редакция
30.01.2018 118913_300443.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18TG004064
ЭКБ идентификаторы
118913
Редакция идентификаторы
118913_300443
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:58

0 Мақат ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 8, 13 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мақат ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы №140-VІ «Мақат ауданының жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4022 санымен тіркелген, 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика мен бюджет, өнеркәсіп, кәсіпкерлікті дамыту және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Аманғалиев) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Мақат аудандық мәслихатының

2018 жылғы 30 қаңтардағы
№153-VI шешімімен бекітілген
Мақат аудандық мәслихатының
2018 жылғы 30 қаңтардағы
№153-VI шешіміне қосымша
Мақат ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Мақат ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:

1 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы жоспардың 1 қосымшасына сәйкес;

2 2) Мақат ауданындағы Мақат кенті, Доссор кенті және Бәйгетөбе ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы жоспардың 2 қосымшасына сәйкес;

3 3) аудандағы жер санаттары, олардың көлемі және жайылым сипаттамасы осы жоспардың 3 қосымшасына сәйкес;

4 4) аудан елді мекендеріндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы осы жоспардың 4 қосымшасына сәйкес;

5 5) аудандағы малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет осы жоспардың 5 қосымшасына сәйкес;

6 6) Мақат ауданы елді мекендердегі тұрғындардың малдарын жайылымдармен қамтамасыз етілуі осы жоспардың 6 қосымшасына сәйкес;

7 7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Мақат ауданында 2 кент, 1 ауылдық округ орналасқан.
Мақат ауданының жалпы көлемі 487 475 га, оның ішінде жайылымдық жерлер-281 948 га.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 7 843 га;
елді мекен жерлері – 11 765 га;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 32 304 га;
қордағы жерлер – 435 563 га.
Ауданның климаттық зонасы күртконтиненталды, қысы салыстырмалы салқын, жазы ыстық және құрғақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтар айында -15; -35 ºС, шілде айында +25; +40ºС. Жауынның орташа түсімі - 30 мм, ал жылдық – 214 мм.
Аудан шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы сазды және сортанды. Өсетін шөптер негізінен сораңды жусандылар.
Ауданда 2 мал дәрігерлік пункті мен 2 мал қорымы бар.
Қазіргі уақытта Мақат ауданында мүйізді ірі қара 1521 бас, ұсақ мүйізді мал 3420 бас, 1028 бас жылқы, 436 бас түйе саналады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Мақат ауданы бойынша барлығы 318 222 га жайылымдық алқаптары бар. Елді-мекен шегіндегі жайылымдары 10 714 га жайылым саналады, қордағы жерлерде 282 263 га жайылымдық алқаптар бар.

13 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 1 қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

14 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 2 қосымша
Мақат ауданындағы Мақат кенті, Доссор кенті және Бәйгетөбе ауылдық округі маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

15 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 3 қосымша
Аудандағы жер санаттары, олардың көлемі
және жайылым сипаттамасы


Жер санаттарының атауы
көлемі, мың гектар
оның ішінде
жайылым
суландырылғаны
1
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
7843
7843
-
2
Елді мекендердің жерлері
11765
10714
-
3
Өнеркәсіп,көлік,байланыс,қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылықтық емес жерлер
32304
17402
-
4
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтық жерлер
-
-
-
5
Орман қоры жері
-
-
-
6
Су қоры жері
-
-
-
7
Босалқы жерлер
435563
282263
-
Барлығы
487475
318222
-

16 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 4 қосымша
Аудан елді мекендеріндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы

Ауылдық округтер,қала, кент
Жер көлемі,
гектар
Оның ішінде
жайылым
пайдаланыста
%
1
Мақат кенті
4990
4714
4714
100
2
Доссор кенті
3175
2503
2503
100
3
Бәйгітөбе а.о.
3600
3497
3497
100
Барлығы
11765
10714
10714
100

17 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 5 қосымша
Аудандағы малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет

Кенттер,
ауылдық
округ
Мал дәрігерлік пункттері
Мал тоғыту орындары
Қолдан ұрықтандыру пунктері
Мал қорымдары
жоспар-лан-
ғаны
салын-
ғаны
1
Мақат кенті
1
-
-
-
-
2
Доссор кенті
1
-
-
1
1
3
Бәйгетөбе а.о.
-
-
-
1
1
Барлығы

18 Мақат ауданының

жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2018-2019 жылдарға арналған
жоспарына 6 қосымша
Мақат ауданы елді мекендердегі тұрғындардың малдарын
жайылымдармен қамтамасыз етілуі

Ауылдық округтер, елді мекендер атауы
Мал түрлері
Мал басы
Мөлшерлі жайылым, га
Елді мекендер шекара-сындығы жайылым- ға
Қамтылуы
+, -
Мал
Шығаратын
жайылым атауы
басына
барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Мақат кенті
МІҚ
450
15,0
6750
Мақат кентінің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс жақтары, Білеулі ата, Қызылқоға ауданының Тұрлы, Шеңгелді жайлаула
рында
Қой, ешкі
1268
3,0
3804
Жылқы
341
16,0
5456
түйе
223
18,0
4014
Барлығы
20024
4714
-15310
Доссор кенті
МІҚ
675
15,0
10125
Шығыс бөлігі, (Қырыққұдық) солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс (Тасқұдық), батыс оңтүстік жақтары
Қой, ешкі
709
3,0
2127
Жылқы
444
16,0
7104
түйе
193
18,0
3474
Барлығы
22830
2503
-20327
Бәйгетөбе ауылдық округі
МІҚ
396
15,0
5940
Округтің шығыс, оңтүстік-батыс жақтарында
Қой, ешкі
1443
3,0
4329
Жылқы
243
16,0
3888
түйе
20
18,0
360
14517
3497
-11020
Барлығы
57371
10714
-46657

Қолданыстағы