Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар - Жыраускому району на 2018 – 2019 годы

Өзге акт · № 10 · қабылданған 29.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-2019-ekb-120963/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар - Жыраускому району на 2018 – 2019 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 10 ·29.03.2018
29.03.2018 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар - Жыраускому району на 2018 – 2019 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 10 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бухар - Жыраускому району на 2018 – 2019 годы
Атауы (қаз.)
Бұқар жырау ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
10
Қабылданған күні
29.03.2018
Көрсетілген редакция
29.03.2018 120963_314529.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KK004709
ЭКБ идентификаторы
120963
Редакция идентификаторы
120963_314529
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:04

0 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018 - 2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңдарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Осы шешімнің косымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Бұқар жырау ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары

Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 22 сессиясының
2018 жылғы 29 наурыздағы
№ 10 шешімімен
бекітілген
Бұқар жырау ауданы бойынша 2018 - 2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары

1 1. Жалпы мәліметтер

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:

1 1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) 1 қосымшасына сәйкес;

2 2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары 2 қосымшасына сәйкес;

3 3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы 3 қосымшасына сәйкес;

4 4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы 4 қосымшасына сәйкес;

5 5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы 5 қосымшасына сәйкес;

6 6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы 6 қосымшасына сәйкес;

7 7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график 7 қосымшасына сәйкес.

Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспары: жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер; ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер; иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер; ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер; шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер; екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері; малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер; мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданады.
Бұқар жырау ауданы Қарағанды облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аудан Қарағанды облысының Осакаров, Шет, Абай және Қарқаралы аудандарымен, солтүстік бөлігінде Павлодар облысының Баянауыл ауданымен шекаралас. Жер санаттары бойынша Бұқар жырау ауданының аумағы 8 қосымшасында көрсетілген.
Ауданның жер бедері ұсақ шоқылық, орындарымен аласа таулық. Ауданда таулар негізі солтүстік бөлігінде орналасқан. Климат шұғыл-континетальды, құрғақ. Континентальдықтың биік дәрежесі қызудың кесек-кесек жылдық және тәулік амплитудасында және мезгілдің ауа райы көрсеткішінің аумалылығында білінеді (жылдан жылға). Жаз ауданның аумағында ыстық және ұзақ.
Жауын-шашынның орта жылдық көлемі үлкен тербелістермен санағанда 100-160 мм құрайды. Ауданның территориясы тәуекелді егіншілік аумағында орналасқан. Топырақ-климаттық шарттарға орай қоңыр, ақшыл қоңыр топырағы бар климаттық зоналар басым.
Аудан құрамынадағы 29 ауылдық округ 9 қосымшада көрсетілген.
Бұқар жырау ауданының халық саны 62154 адам құрайды, 10 қосымшасында ауылдық округ бойынша халық саны келтірілген.
Ауыл шаруашылық кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты – өсімдік пен мал шаруашылығының даму, олардың өнімдерін өткізу. Аудан бойынша барлығы 1127 шаруа қожалығы тіркелген. Олардың ішінде 657 мал шаруа қожалығы, 470 өсімдік шаруа қожалығы және 207 мал шаруа қожалығындағы тұқым түрлендірумен айналысады.

2 2. Мал басын санау, шартты мал басын есепке алу

Малдарды бағу бойынша әр түрлі есептеуді жүргізу үшін, түрлі малдарды салыстыру мен қосу үшін шартты өлшем қолданылады.
Шартты басқа қайта есептеу коэффициенті 11 қосымшасында көрсетілген.
Ауыл шаруашылық малдардың ауылдық округ, шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылық бойынша саны 12 қосымшасында көрсетілген.

3 3. Геоботаника

Бұқар жырау ауданында 40 тұқымдасқа жататын өсімдіктердің 180 түрден астамы кездеседі. Астық, күрделігүлділер және шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер жиі кездеседі. Бұқар жырау ауданының жем-шөптік жерлері қоңыр және ақшыл қоңыр топырақта орналасқан, олардың қалыптасуы табиғи жағдайларға байланысты: шұғыл континентальды климат, өсімдік жамылғысы сиректелген жіңішке астық өсімдіктерден құралған. Аудан территориясы әр түрлі шөптес боз бетегелі шөлейтті дала зонасында орналасқан. Өзен алқаптарында шалғынды-дәнді, бидайық, қылтықсыз арпабас, түлкіқұйрық, дәнді-қияқ, қамыс-қияқ шөптері кездеседі
Жайылымдарда кездесетін өсімдіктер шаруашылық қатынаста әдетте төрт топқа бөлінеді – астық тұқымдастар, бұршақ тұқымдастар, қияқ тұқымдастар және де түрлі шөп тұқымдастары.
Бұқар жырау ауданының аумағында табиғи жағдайлардың әртүрлілігіне байланысты далалық өсімдіктерден басқа, Нұра, Шиле, Күлсе, Соқыр өзендерінің алқаптарында шалғынды өсімдіктер өседі. Қоңыр және ақшыл қоңыр жайылым топырақтарында қылқан селеу-бетеге өсімдіктерімен ерекшеленеді. Астық тұқымдастардан бетеге мен шисабақ қоңырбас ең көп таралған.Түрлі шөп тұқымдастары аз ғана және келесі түрлерімен сипатталады: нағыз қызылбояу, британ андызы, түйе бұршақ, шатыраш, бұршақ тұқымдастардан жоңышқа, сиыржоңышқа, беде, тұйе бұршақ, қияқ өсімдіктерінен – қоян қияғы, ерте қияқөлең. Жер пайдалану аумағында астық тұқымдас шөптер ең көп пайдаланылатын шөптердің түрлері болып есептеледі.
Жайылымдарда мал жүйесіз жайылады да, аталған өсімдік жабыны жиі өзгеріледі. Далалы бағалы астық тұқымдастар біртіндеп шабындық шөптерден түсіп жатыр, өсімдік шалғындарында түрлі арамшөптер мен жусан орын алып жатыр. Астық тұқымдастардан мал жаюға тұрақты бетеге. Бұл шөп малдардың таптауынан кейін жақсы өседі. Тиімсіз мал жаюдың кесірінен жайылымдардың өнімділігі кеміп жатыр. Осыған байланысты пайдалану мерзімі қысқартылып жатыр. Жайылымдардың шабындық шөптерінің сапалық құрамын сақтау үшін ауыспалы жайылым жүйесін жемшөптік жерлерді орташа жүктеу керек. Осындай жайылымдарда малдарды жаюды реттеу керек және де өрістік жаю жүйесін енгізу керек.
Шөп өнімдерінде, жайылым азығында түрлі шөптердің құрамы кейде 60-80 %-ға жетеді. Бұл топтағы шөптердің көп түрлерінің азықтық мағынасы зор. Барлық өсімдік түрлері шаруашылық маңыздылығына мен қолдануына байланысты келесі топтарға бөлуге болады:
жұмсақ сабақты астық тұқымдастар – боз бетеге, бетеге, бидайық, арпабас және тағыда басқа тұқымдастар;
жақсы және орташа жиілетін жусан шөптері – эстрагон жусаны, ащы жусан, биік жусан, көкшіл жусан;
түрлі шөп өсімдіктері – бұршақ тұқымдастары, жолжелкен, дәрілік қандышөп;
улы өсімдіктер – түймешетен, қанатжеміс, қышабас, арам шытырмақ, убалдырған.
Геоботаникалық зерттеу нәтижесі бойынша жайылымдар тиімсіз пайдаланылды деген қорытындыға келуге болады. Елді-мекендерге, малдарды суару жерлеріне жақын орналасқан жайылымдар жарамсыз екендігі анықталды және де малдарды жаюға мүлдем келмейді. Жайылымдарды пайдалану кезінде малдарды жаю кептірілмеген топырақта жүзеге асырылды да, жерде төмпешіктер пайда болды. Жүйесіз және көп уақытқа дейін малдарды жаюдың кесірінен жайылымдардың шабындық шөптері жусанның қатқыл сабақтарымен, әр түрлі шөптермен ластанылды. Сондықтан шабындық шөптердің қоректік құндылығы азайды. Жайылымдарды пайдалану мерзімі да қысқарды. Бұқар жырау ауданының дала зонасындағы табиғи жайылымдарды қолайлы пайдалану мерзімі көктем-жаз-күз.
Жайылымдарды және шөп шабуды ұтымды пайдалану үлкен маңызға ие – жайылымдарды дұрыс пайдалану кезінде олардың өнімділігі өседі.

4 4. Жем-шөп өндіру

Бұқар жырау ауданының аумағында малдардың негізгі азық мөлшері болып жайылымдық азықтар, табиғи шабындық және егілген шөптер саналады. Бір шартты басқа аудан бойынша жасыл шөптің орташа өнімділігі 5-6 ц/га болса, 13 га жайылым келеді. Бұл малдардың жайылымдық азықтығын қамтамасыз етеді.
Бұқар жырау ауданындағы малға арналған жемшөптік дақылдардың орташа өнімділігі 13 қосымшасында келтірілген.
Мал азығы өндірісінің негізгі мәселелері:
азықтық дақылдарға арналған егістік көлемдерінің аз болуы;
азықтық дақылдардың төмен өнімділігі;
заманға сай азықты жинау мен дайындау және техникаларымен аз көлеммен
қамсыздандырылуы;
жайылымдарды және шөп шабуды пайдаланудың төмен деңгейі;
жер пайдалушыларда мал азығы өндірісінің арнайы бағдарласының жоқтылығы.

5 5. Жайылым айналымы

Жайылымдардың өнімділігін және шөптердің құрамын жақсарту үшін жайылымдарды ауыстыруды ұйымдастырады.
Жайылымдардың өнімділігін жоғарлатуда аумағын дұрыс пайдалану маңызды, табын, отар учаскелерін, өшіктіру қашаларын, су ғимараттарын, малөткелдерін орналастыру үлкен маңызға ие.
Табиғи жайылымдар 14 қосымшасында көрсетілген келесі мерзімдегі төрт өрісті жайылым ауыстыру жүйесін ұйымдастыру ескеріледі.
Жайылымдардың өнімділігін анықтау:
жайылымдардың аумағы – 533 474 га;
қолдану мерзімдері басы – 5 мамыр, аяғы – 1 қазан, жылқы 70 % жыл бойы;
малдарды жаюдың күн саны – 180 күн;
табынның құрамы: ірі қара мал, ұсақ қара мал, жылқы;
табындағы малдардың саны, шартты бас саны - 96 620 бас.
бір бастың орташа тірі салмағы, кг:
есеп кезеңіне дейін – 330 кг;
есеп кезеңінен кейін – 420 кг;
орташа салмақ өсімі – 90 кг;
барлық мерзім бойынша бүкіл табынның салмақ өсімі – 8 695 800 тонна.
Ауылдық округтар бойынша ауыл шаруашылық малдардың табын, қора, сандары түралы ақпарат 15 қосымшасында көрсетілген.

6 6. Суат пунктері, суат кестесі

Суат пунктерін малдардың топтарына және түрлеріне, учаскелерді пайдалану мерзімдеріне, жергілікті жер бедерін ескере отырып орналастырады. Су көздерін орналастыру кезінде суатқа ыңғайлы кіреберісті ұйымдастыру және санитарлы-профилактикалық ережелерді сақтау қажет. Сондықтан су көздерін батпақтанған, су басу және ластану учаскелерінде орналастыруға болмайды, сонымен қатар бір суат пунктінде 250 бас ірі қара мал және 2000 ұсақ қар мал бастан көп суландыруға болмайды. Жайылымдарда ең жақсы суландыру көздері өзендер, көлдер, ағын суы бар тоғандар болып саналады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15090 болып тіркелген) бұйрығы бойынша ауылшаруашылық малдарға су қабылдаудың орташа тәуліктік нормасы бекітілген:
ірі қара және жылқыларға 45-60 литр;
1-2 жастаңы төлдер үшін 25-35 литр;
1 жастан кем төлдер үшін 10-15 литр;
қой мен ешкілерге – 3-5 литр;
қозыларға 1-2 литр.
Жайылымнан суатқа дейінгі ұйғарынды арақашықтық сиырларға – 1,5 км, бұзауларға – 1 км, ірі қара мал төлдеріне – 2,5 км, қой мен ешкілерге – 3 км, жылқы мен түйелерге – 4,6 км-ге дейін.
Бұқар жырау ауданының жайылым жерлері толығымен сумен қамсыздандырылған: өзендер, көлдер, бөгеттер, тоғандар бар.
Малөткел құрылысы. Малөткел ені жеткілікті мөлшерде болу керек, малдар қыстырылысып, оларға тығыз болмау үшін. Малөткел ені 100 басқа ірі қара малдар үшін 20-25 м, бір жасқа дейінгі төлдері үшін 10-15 м, табын жылқы үшін 15-20 м, отар қой үшін 30-35 м.
Малөткелдер табиғи шөптер мен ауылшаруашылық дақылдардың егістерін таптауды алдын алу үшін ескеріледі.
Жайылымдарда малөткелдер әдетте табын (отар) учаскелерімен, жайылым ауыстыру алаңдарымен шекараларымен біріктірілу керек.

7 7. Малөткелдерді орналастыру

Малдарды жайылу жерлеріне, суат көздеріне, фермаларға айдау үшін малөткелдер жобалануда.
Малөткелдерді ең үлкен алқаптарда қызмет көрсетуін, жайылыммен су көзімен және иіріммен ыңғайлы әрі қысқа байланыста болғанын ескере отырып орналастырады. Малөткелдерге ыңғайлы әрі тік, артық бұрылыстары жоқ жер қарастырылуы қажет. Малөткелдерді өзендерден өтуі, батпақталған жерлерден, аңғарларсыз жерлерден өтпес үшін орналастыру қажет. Малөткелдерді негізгі, ферманы және ішкі жайылымды байланыстырушы түрлерге бөледі.
Малөткел ені жануарлардың түрінен, табын мен отар мөлшерінен, топырақтың механикалық құрамынан, шөптердің өсуінен және эррозиялық процестерден тәуелді. Малөткелдерді жолторабымен, әсіресе аудандық және облыстық жолдармен қиыстырудың қажеті жоқ.
Малөткелдер малдардың оңашалайтын жерлерінен 2-3 км, мал қорымынан, елді-мекендерден, жол тораптарынан 1-1,5 км және көпжылдық екпелерден 1,0 км –ден жақын болмауы керек.

8 8. Ветеринариялық объекттер

Бұқар жырау ауданының территориясындағы ветеринарлық-санитарлық объектілері бойынша мәлімет 16 қосымшасында көрсетілген.

9 9. Қорытынды

Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 20 ақпанындағы «Жайылымдар туралы» Заңының 15 бабына сәйкес – мемлекеттік меншіктегі ауыл мен елді-мекен аумағында орналасқан жайылымдар жергілікті тұрғындардың аналық мал бас жануарларын ұстау қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Бұл жайылымдарда басқа ауылшаруашылық малдарды бағу барлық жайылым көлеміне түскен жүктеме мөлшерінен аспауы қажет. Жайылымдардың өнімділігін жоғарлату үшін, ұзақ мерзімге шөптердің құнды құрамын сақтау үшін, малдардың көбісін жайылымдық азығымен қамсыздандыру үшін және мал шаруашылығы өнімінің жоғары түсімін алу үшін жайылымдарды тиімді пайдалану керек. Мысалы, бір қаша жүйесінде малдарды 20-30% артық бір аумақта ұстау болады, ал жайылымдарды тиімді пайдалану (шөптерді дұрыс пайдалану, күтім жасау, жайылым ауыстыруды жүргізу, бағуда қаша жүйесін қолданы) жүйесін енгізсек табиғи жайылымдардың өнімділігі 2-3 есеге өседі. Жайылымдар – малдарға арналған құнды әлі арзан азықтың қоры. Сондықтан оларды тиімді пайдалану – жер пайдаланушылардың маңызды мақсаты.
Жемшөптік жерлерді тиімді пайдалану үшін қажет:
жайылымдарды ауыстыру жүйесін меңгеру және сақтау, әбден тозған жайылымдарда шөптер қалпына келуіне дейін малдарды жаюды тоқтату;
сабандарды жайылымдарда өртеуге тыйым салыну, себебі флора мен фаунаға зиянын тигізеді;
су шайып кетуден қорғау шараларын атқаратын бұталарды жоюға тыйым салу;
азықты дайындауға шөп шабуды келесі жағдайларда жүзеге асыру, егер жайылым өнімділігі жайылатын малдардың азыққа деген қажеттіліктерін жалпы жайылым аумағына түскен жүктеме мөлшерінен асып түссе;
жайылымдарды беру шарттарын ұстанып, мақсатына қарай тиімді пайдалану.
Бұқар жырау ауданының аумағында ауылдық округтердің жайылымдармен қамсыздандырылуы және ауылшаруашылық малдардың саны туралы ақпарат 10 қосымшасында көрсетілген.
Бір басқа жүктеме Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдің № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілді. Жалпы аудан мал шаруашылығын жүргізу үшін жайылым аумақтарымен қамсыздандырылмаған.

20 Кұқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 1 қосымша
Кұқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

21 Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жоспарына
2 қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

22 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 3 қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

23 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жоспарына
4 қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

24 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жоспарына
5 қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

25 Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жоспарына
6 қосымша
Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

26 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Бұқар жырау ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 7 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
№ п/п
Округ атауы
Жайылымдарда мал бағудың басталуы
Жайылымдардан малдың қайтуы
1
Ақбел ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
2
Ақөре ауылы
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
3
Ақтөбе ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
4
Белағаш ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
5
Бұқар-Жырау ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
6
Ботақар ауылы
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
7
Баймырза ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
8
Гагарин ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
9
Доскей ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
10
Жанаталап ауылы
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
11
Қаражар ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
12
Қарақұдық ауылы
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
13
Көкпекті ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
14
Керней ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
15
Қушоқы кенті
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
16
Қызылқайын ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
17
Ғ. Мұстафин атындағы кенті
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
18
Новоузенка ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
19
Петровка ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
20
Ростовка ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
21
Самарқанд ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
22
Суықсу ауылы
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
23
Тоғызқұдық ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
24
Тұзды ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
25
Үміткер ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
26
Үштөбе ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
27
Центральный ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
28
Шешенқара ауылдық округі
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі
29
Ботакара кенті
сәуірдің бірінші жартысында
Қазанның екінші онкүндігі

27 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 8 қосымша
№ п/п
Жер санаты
Барлығы
Оның ішінде, жайылымдар
1
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер, барлығы
823 936
533 474
2
Елді-мекен жерлері
376 811
3
Өнеркәсіп, көлік, байланыс және тағыда басқа ауылшаруашылығына арналмаған жерлер
20 271
4
Босалқы жерлер
221 200
5
Орман қоры жерлері
10 671
6
Су қорлары жерлері
3 328
7
Ерекше қорғалатын табиғи территориялардың жерлері
0
Барлығы
1 456 217
533 474
Ескерту: Ұсынылған жер көлемі жобасы, Абай ауданына берілген жер көлемін ескере отырып түзету жүргізіледі.

28 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 9 қосымша
Кенттер және ауылдық округтер атауы
Ауылдық елді-мекендер атауы
Ақбел ауылдық округі
Ақбел, Құрама, Алабас
Ақөре ауылы
Ақөре
Ақтөбе ауылдық округі
Ақтөбе, Ынтымақ
Белағаш ауылдық округі
Белағаш, Аюлы
Бұқар жырау ауылдық округі
Бұқар-Жырау, Семізбұға, Шалқар
Ботақара ауылы
Ботақара
Баймырза ауылдық округі
Баймырза, Астаховка
Гагарин ауылдық округі
Гагарино, Садовое
Доскей ауылдық округі
Доскей, Трудовое
Жаңаталап ауылы
Жанаталап
Қаражар ауылдық округі
Қаражар, Волховское, Геологическое, Асыл
Қарақұдық ауылы
Қарақұдық
Көкпекті ауылдық округі
Көкпекті, Байқадам, Сарытөбе
Керней ауылдық округі
Керней, Ақжар, Алғабас
Қушоқы кенті
Қушоқы, Майозек
Қызылқайын ауылдық округі
Қызылқайын, Тасаул, Саратовка
Ғ. Мұстафин атындағы кенті
Мустафина, Нұра станциясы
Новоузенка ауылдық округі
Новоузенка, Стан, Севан
Петровка ауылдық округі
Петровка, Жанақала, Жастлек
Ростовка ауылдық округі
Ростовка, Красная Нива, Қызыл жар
Самарқанд ауылдық округі
Самарқанд, Тегісжол, Чкалово
Суықсу ауылы
Суықсу
Тоғызкұдық ауылдық округі
Тоғызқұдық, Тасшоқы
Тұзды ауылдық округі
Тұзды, Первого мая, Старая тузды
Үміткер ауылдық округі
Үмүткер, Төрткөл, Үлгі
Үштөбе ауылдық округі
Үштөбе, Заречное, Кұрлыс, Новостройка
Центральный ауылдық округі
Центральное, Андренниковка
Шешенқара ауылдық округі
Шешенқара, Ашысу станциясы
Ботақара кенті
Ботақара, Ботақара станциясы

29 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 10 қосымша

Ауылдық округ
Халық саны, адам
1
Ақбел ауылдық округі
828
2
Ақөре ауылы
445
3
Ақтөбе ауылдық округі
1162
4
Белағаш ауылдық округі
616
5
Бұқар жырау ауылдық округі
507
6
Ботақара ауылы
896
7
Баймырза ауылдық округі
2338
8
Гагарин ауылдық округі
1077
9
Доскей ауылдық округі
4548
10
Жаңаталап ауылы
1116
11
Қаражар ауылдық округі
1800
12
Қарақұдық ауылы
859
13
Көкпекті ауылдық округі
4264
14
Керней ауылдық округі
2098
15
Қушоқы кенті
4476
16
Қызылқайын ауылдық округі
1411
17
Ғ. Мұстафин атындағы кенті
4115
18
Новоузенка ауылдық округі
1851
19
Петровка ауылдық округі
2421
20
Ростовка ауылдық округі
3276
21
Самарқанд ауылдық округі
1930
22
Суықсу ауылы
250
23
Тоғызқұдық ауылдық округі
1327
24
Тұзды ауылдық округі
1086
25
Үміткер ауылдық округі
1520
26
Үштөбе ауылдық округі
4819
27
Центральный ауылдық округі
1721
28
Шешенқара ауылдық округі
920
29
Ботақара кенті
6415
Барлығы
62 154

30 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 11 қосымша
Мал түрі
Ауыстыру коэффициенті
Ірі қара мал (бұдан әрі ІҚМ)
1,0
Қой мен ешкі (бұдан әрі ҰҚМ)
0,1
Жылқы
1,0

31 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 12 қосымша
№ п/п
Округ атауы
Мал басы саны
Ірі қара мал
Ұсақ қара мал
Жылқы
1
Ақбел ауылдық округі
2144
3474
1022
2
Ақөре ауылы
3308
1626
1045
3
Ақтөбе ауылдық округі
2859
3538
1222
4
Белағаш ауылдық округі
2522
4136
926
5
Бұқар жырау ауылдық округі
1980
3640
1530
6
Ботақара ауылы
1832
1870
226
7
Баймырза ауылдық округі
1175
2492
155
8
Гагарин ауылдық округі
919
1441
64
9
Доскей ауылдық округі
1674
1106
799
10
Жаңаталап ауылы
1825
1341
130
11
Қаражар ауылдық округі
1432
1059
636
12
Қарақұдық ауылы
2181
2688
773
13
Көкпекті ауылдық округі
4669
5221
505
14
Керней ауылдық округі
5261
7893
1952
15
Қушоқы кенті
1105
1228
187
16
Қызылқайын ауылдық округі
1972
2948
285
17
Ғ. Мұстафин атындағы кенті
871
1667
198
18
Новоузенка ауылдық округі
1775
1006
346
19
Петровка ауылдық округі
3499
5078
1827
20
Ростовка ауылдық округі
2171
1921
359
21
Самарқанд ауылдық округі
755
2189
108
22
Суықсу ауылы
1049
2732
845
23
Тоғызқұдық ауылдық округі
3719
4724
748
24
Тұзды ауылдық округі
1274
2267
540
25
Үміткер ауылдық округі
3287
4326
2340
26
Үштөбе ауылдық округі
3909
7183
2826
27
Центральный ауылдық округі
803
1097
164
28
Шешенқара ауылдық округі
1841
3307
1069
29
Ботакара кенті
2090
2104
362
Барлығы аудан бойынша
63 901
85 302
23 189

32 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 13 қосымша
№п/п
Аудан атауы
Дақыл
Өнімділік, ц/га
1
Бұқар жырау ауданы
Сүрлемге арналған жүгері
0
Пішендеме
0
Көпжылдық өсімдіктердің шөбі
6
Сабан
5
Табиғи шалғынның шөбі
4

33 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 14 қосымша
Жылдар
Өріс нөмірлері
I
II
III
IV
1
Көктем мен күз
Көктем
Көктем мен күз
Күз
2
Көктем
Көктем мен күз
Күз
Көктем мен күз
3
Көктем мен күз
Күз
Көктем мен күз
Көктем
4
Күз
Көктем мен күз
Көктем
Көктем мен күз

34 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 15 қосымша
№ п/п
Округ аты
Табын, қора, отар саны
Ірі қара мал
Ұсақ қара мал
Жылқы
1
Ақбел ауылдық округі
5
8
5
2
Ақөре ауылы
3
5
2
3
Ақтөбе ауылдық округі
4
6
2
4
Белағаш ауылдық округі
4
7
3
5
Бұқар жырау ауылдық округі
4
7
4
6
Ботақара ауылы
2
6
2
7
Баймырза ауылдық округі
3
5
3
8
Гагарин ауылдық округі
4
5
3
9
Доскей ауылдық округі
5
8
3
10
Жаңаталап ауылы
3
7
3
11
Қаражар ауылдық округі
5
8
4
12
Қарақұдық ауылы
5
9
3
13
Көкпекті ауылдық округі
6
11
6
14
Керней ауылдық округі
6
12
6
15
Қушоқы кенті
2
4
3
16
Қызылқайын ауылдық округі
5
8
4
17
Ғ. Мұстафин ат. Кенті
4
8
5
18
Новоузенка ауылдық округі
5
9
4
19
Петровка ауылдық округі
7
11
6
20
Ростовка ауылдық округі
5
12
7
21
Самарқанд ауылдық округі
3
5
3
22
Суықсу ауылы
2
10
3
23
Тоғызқұдық ауылдық округі
7
15
8
24
Тұзды ауылдық округі
4
8
5
25
Үміткер ауылдық округі
6
11
6
26
Үштөбе ауылдық округі
7
15
5
27
Центральный ауылдық округі
5
7
3
28
Шешенқара ауылдық округі
3
9
5
29
Ботақара кенті
5
11
5
Аудан бойынша барлығы
129
257
121

35 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 16 қосымша
№ п/п
Округ атауы
Мал сою пунктері
Жасанды ұрықтандыру пунктері
Малқорымы
Қарабез жерлеулері
Ветеринариялық пунктер
1
Ақбел ауылдық округі
1
1
2
Ақөре ауылы
1
1
1
3
Ақтөбе ауылдық
округі
1
4
Белағаш ауылдық округі
1
1
1
5
Бұқар жырау ауылдық округі
2
1
1
1
6
Ботақара ауылы
1
1
1
1
7
Баймырза ауылдық округі
1
1
8
Гагарин ауылдық округі
1
9
Доскей ауылдық округі
4
1
1
1
10
Жаңаталап ауылы
1
1
1
1
11
Қаражар ауылдық округі
1
1
1
1
12
Қарақұдық ауылы
1
1
13
Көкпекті ауылдық округі
2
1
1
1
14
Керней ауылдық округі
1
1
15
Қушоқы кенті
1
16
Қызылқайын ауылдық округі
1
17
Ғ. Мұстафин атындағы кент
1
1
1
18
Новоузенка ауылдық округі
1
1
1
19
Петровка ауылдық округі
2
1
1
1
20
Ростовка ауылдық округі
1
1
1
21
Самарқанд ауылдық округі
1
1
1
22
Суықсу ауылы
1
1
23
Тоғызқұдық ауылдық округі
1
1
1
24
Тұзды ауылдық округі
1
1
1
25
Үміткер ауылдық округі
1
1
1
26
Үштөбе ауылдық округі
2
1
1
1
1
27
Центральынй ауылдық округі
1
1
1
1
28
Шешенқара ауылдық округі
1
1
1
1
29
Ботақар кенті
1
1
1
Барлығы:
24
11
14
14
29

36 Бұқар жырау ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жоспарына 17 қосымша
Атауы
Жайылым көлемі, факт.га
Жайылым көлемі, қажетті га
Мал басы
1 басқа жүктеме
Жай­ы­лым­дар­мен қам­сыздан­ды­ры­луы
га +,-
Ірі қара мал
Ұсақ қара мал
Жылқы
Ірі қара мал
Ұсақ қара мал
Жылқы
Ақбел ауылдық округі
30155
64044
2144
3474
1022
15
3
21
-33889
Ақөре ауылы
27704
81489
3308
1626
1045
15
3
21
-53785
Ақтөбе ауылдық округі
13271
79161
2859
3538
1222
15
3
21
-65890
Белағаш ауылдық округі
38869
69684
2522
4136
926
15
3
21
-30815
Бұқар жырау ауылдық округі
30307
72750
1980
3640
1530
15
3
21
-42443
Ботақара ауылы
857
37836
1832
1870
226
15
3
21
-36979
Баймырза ауылдық округі
1687
28356
1175
2492
155
15
3
21
-26669
Гагарин ауылдық округі
13
19452
919
1441
64
15
3
21
-19439
Доскей ауылдық округі
2857
45207
1674
1106
799
15
3
21
-42350
Жаңаталап селосы
752
34128
1825
1341
130
15
3
21
-33376
Қаражар ауылдық округі
13963
38013
1432
1059
636
15
3
21
-24050
Қарақұдық ауылы
30657
57012
2181
2688
773
15
3
21
-26355
Көкпекті ауылдық округі
11727
96303
4669
5221
505
15
3
21
-84576
Керней ауылдық округі
36568
143586
5261
7893
1952
15
3
21
-107018
Қушоқы кенті
76
24186
1105
1228
187
15
3
21
-24110
Қызылқайын ауылдық округі
8814
44409
1972
2948
285
15
3
21
-35595
Ғ.Мұстафин атындағы кенті
1871
22224
871
1667
198
15
3
21
-20353
Новоузенка ауылдық округі
10334
36909
1775
1006
346
15
3
21
-26575
Петровка ауылдық округі
10823
106086
3499
5078
1827
15
3
21
-95263
Ростовка ауылдық округі
877
45867
2171
1921
359
15
3
21
-44990
Самарқанд ауылдық округі
3899
20160
755
2189
108
15
3
21
-16261
Суықсу ауылы
50552
41676
1049
2732
845
15
3
21
+ 8876
Тоғызқұдық ауылдық округі
22636
85665
3719
4724
748
15
3
21
-63029
Тұзды ауылдық округі
10209
37251
1274
2267
540
15
3
21
-27042
Үміткер ауылдық округі
31571
111423
3287
4326
2340
15
3
21
-79852
Үштөбе ауылдық округі
27350
139530
3909
7183
2826
15
3
21
-112180
Центральный ауылдық округі
2496
18780
803
1097
164
15
3
21
-16284
Шешенқара ауылдық округі
26466
59985
1841
3307
1069
15
3
21
-33519
Ботақара кенті
45264
2090
2104
362
15
3
21
-45264
Барлығы
465 237
1 706 436
63 901
85 302
23 189
15
3
21
-1 241 199

Қолданыстағы