Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Текели на 2018-2019 годы

Өзге акт · № 25-162 · қабылданған 24.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-2019-ekb-121685/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Текели на 2018-2019 годы Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-162 ·24.04.2018
11.12.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.12.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Текели на 2018-2019 годы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 25-162 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Текели на 2018-2019 годы
Атауы (қаз.)
Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25-162
Қабылданған күні
24.04.2018
Көрсетілген редакция
11.12.2018 121685_379659.kaz
Соңғы өзгеріс
11.12.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DC004681
ЭКБ идентификаторы
121685
Редакция идентификаторы
121685_379659
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:44

0 Текелі қаласы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы
«Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Бюджет және экономика мәселесі бойынша» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Текелі қаласының

мәслихатының 2018 жылғы
24 сәуірдегі № 25-162
шешіміне қосымша
Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Текелі қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңына, «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), «Жайылымдардың жалпы алаңы түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар:

1 1. осы Жоспардың 1, 2-қосымшаларына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдалынушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасы);

2 2. осы Жоспардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;

3 3. осы Жоспардың 5, 6-қосымшаларына сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым обьектілері белгіленген картасын;

4 4. осы Жоспардың 7, 8-қосымшаларына сәйкес жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

5 5. осы Жоспардың 9-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін қамтиды.

Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық обьектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдалынушылрды,жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің,отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю аридтік жайылымдардаауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшіліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Текелі қаласында 1 ауылдық округ бар.
Текелі қаласының жалпы көлемі - 7008 гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер-1665 гектар.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 2460 гектар;
елді мекен жерлері – 3497 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 582 гектар;
орман қорының жерлері -173 гектар.
Қаланың климаты: суық қалыпты, қаңтардағы орташа температура - 11,3° C. Бұл жыл ішінде ең төменгі орташа температура. Жыл бойы жауын-шашынның айтарлықтай көлемі төмендейді, жылына шамамен 384 мм жауын-шашын болады. Жылдың ең жылы айы – шілде орташа температура- 20,9° C құрайды.
Қаланың өсімдік жамылғысы әртүрлі, шамамен қоса алғанда 223 түрлері. Олардың ішінде ең көп тараған түрі дәнді дақылдар.
Қалада 1 мал дәрігерлік пункті, 2 мүйізді ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пункті және 2 қарапайым мал көмінділері бар.

10 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 1 қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерін меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

11 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 2 қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерін меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

12 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 3 қосымша
Жайылым айналымдарының схемалары

13 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 4 қосымша
Жайылым айналымдарының схемалары

14 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 5 қосымша
Жайылым, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралар мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

15 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 6 қосымша
Жайылым, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралар мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

16 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 7 қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

17 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 8 қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

18 Текелі қаласы бойынша 2018-2019

жылдарға арналған жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі Жоспарына 9 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі:

п/п
Елді мекен
Жаздық жайылым
Көктемгі жайылым
Күзгі жайылым
1
Текелі қаласы
маусым, шілде, тамыз
наурыз, сәуір, мамыр
қыркүйек, қазан, қараша
2
Рудничный а/о
маусым, шілде, тамыз
наурыз, сәуір, мамыр
қыркүйек, қазан, қараша

Қолданыстағы