О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2018-2019 учебный год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О размещении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с техническим и профессиональным, послесредним, высшим медицинским и фармацевтическим образованием на 2018-2019 учебный год
- Атауы (қаз.)
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 418
- Қабылданған күні
- 04.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.12.2018 123645_376511.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017221
- ЭКБ идентификаторы
- 123645
- Редакция идентификаторы
- 123645_376511
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:48
0 Техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі,
жоғары медициналық және
фармацевтикалық білімі бар
мамандарды даярлауға
2018-2019 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын
орналастыру туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019,2019-2020,2020-2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 400 орын санында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 508 орын санында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған;
3 3) 2192 орын санында конкурс негізінде медицина кадрларын даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4 4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 шілдедегі
№ 418 бұйрығына
1-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с
№
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Бөлінген орындардың саны
Мамандықтардың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Көкшетау жоғары медицина колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – МКҚК)
25 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
25 қазақ тілінде білім алушылар
2.
Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – ШЖҚ МКК)
25 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
25 қазақ тілінде білім алушылар
3.
Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжі» МКҚК
50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
50, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар
4.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік медицина колледжі» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
36, оның ішінде 23 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
36, оның ішінде 23 қазақ тілінде білім алушылар
5.
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда жоғары
медицина колледжі» МКҚК
42 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
42 қазақ тілінде білім алушылар
6.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «Жоғары медицина колледжі» ШЖҚ МКК
68 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
68 қазақ тілінде білім алушылар
7.
«Республикалық жоғары медицина колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
98, оның ішінде 52 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі»
98, оның ішінде 52 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі» Көз аурулары мүгедектері үшін «Массажист» біліктілігі
орыс тілінде білім алушылар 16
8.
«Түркістан» жоғары көпбейінді медицина колледжі» жеке мекемесі
56 қазақ тілінде білім алушылар
«Мейіргер ісі»
56 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы: 400
2 Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 4 шілдедегі
№ 418 бұйрығына
2-қосымша
Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлаудың 2018-2019 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с №
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары
Мамандықтың атауы
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны
1
2
3
4
1.
«Ұлттық медицина университеті»
акционерлік қоғамы
Жалпы медицина
332, оның ішінде 230 қазақ тілінде білім алушылар
Стоматология
14, оның ішінде 9 қазақ тілінде білім алушылар
Мейіргер ісі
11, оның ішінде 8 қазақ тілінде білім алушылар
Фармация
9, оның ішінде 7 қазақ тілінде білім алушылар
Қоғамдық денсаулық сақтау
11, оның ішінде 8 қазақ тілінде білім алушылар
Педиатрия
131, оның ішінде 99 қазақ тілінде білім алушылар
Барлығы:
508