Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Степногорске на 2018 год

Қаулы · № а-11/539 · қабылданған 13.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-116218/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Степногорске на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ а-11/539 ·13.11.2017
13.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Степногорске на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ а-11/539 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования в городе Степногорске на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
а-11/539
Қабылданған күні
13.11.2017
Көрсетілген редакция
13.11.2017 116218_257352.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17BB006179
ЭКБ идентификаторы
116218
Редакция идентификаторы
116218_257352
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:18

0 2018 жылға арналған

Степногорск қаласында
ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2018 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Степногорск қаласы әкімдігінің

2017 жылғы «13» 11
№ а-11/539 қаулысына
қосымша
2018 жылға арналған Степногорск қаласында ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарының квотасы
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
«ЕПК Степногорск» акционерлік қоғамы
1848
0,3
«Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Степногорск-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
472
0,2
«Степногорск Темір жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
299
0,3
«СТЕПНОГОРСКАВТОТРАНС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
1,7
«Степногорск ЖЭО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
591
0,3
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Степногорск орталық қалалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
471
1,1

Қолданыстағы