Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2018 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и проведении приписки граждан к призывному участку в январе-марте 2018 года
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 06 - р
- Қабылданған күні
- 02.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2017 116264_258550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KD004452
- ЭКБ идентификаторы
- 116264
- Редакция идентификаторы
- 116264_258550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:24
0 2018 жылдың қаңтар-наурызында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14881 болып тіркелген) бұйрығын орындау мақсатында, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында, тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын.
2
2. Гүлшат және Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының басшылары, пәтерлер меншік иелері кооперативтері «Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14881 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес 2001 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуден өту үшін беру ұсынылсын.
3 3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақыру жасына дейінгілердің медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
4 4. «Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (Н.У. Аманжолов) 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін қала әкіміне 2001 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қорытындысы жөнінде ақпарат берсін.
5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімі орынбасары Саягуль Жаксылыковна Жаксылыковаға жүктелсін.
6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қарағанды облысы Балқаш
қалалық қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» республикалық
мемлекеттік мекемесінің бастығы
2017 жылғы «02» қараша
_________________Н.У. Аманжолов