Об организации и обеспечении на территории Жамбылского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан Республики Казахстан мужского пола с января по март 2018 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении на территории Жамбылского района Северо-Казахстанской области приписки и медицинского освидетельствования граждан Республики Казахстан мужского пола с января по март 2018 года
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 30.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2017 117089_266904.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SG004440
- ЭКБ идентификаторы
- 117089
- Редакция идентификаторы
- 117089_266904
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:02
0 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2017 жылдың 24 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі ШЕШТІ:
1
1. 2018 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Қазақстан Республикасы қорғаныс Министрлігінің «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде тіркелу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының ер азаматтарын Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумағында тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Солтүстік Қазақстан облысы филиалына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
қорғаныс Министрлігінің
«Солтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Қ. Ысқақов_______________2017 жылдың «30» қарашасы