Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2018 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Айыртауского района

Өзге акт · № 6-15-2 · қабылданған 22.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-117485/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О предоставлении в 2018 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Айыртауского района Қолданыста Өзге акт ·№ 6-15-2 ·22.12.2017
22.12.2017 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2018 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Айыртауского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 6-15-2 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2018 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Айыртауского района
Атауы (қаз.)
Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2018 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-15-2
Қабылданған күні
22.12.2017
Көрсетілген редакция
22.12.2017 117485_271605.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SC004467
ЭКБ идентификаторы
117485
Редакция идентификаторы
117485_271605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:33

0 Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй алу немесе салу үшін 2018 жылы көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабы 8,9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТI:

1 1. Айыртау ауданының әкімі мәлімдеген қажеттілікті ескере отырып 2018 жылға Айыртау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ұсынылсын:

1 1) жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит.

2 2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын ветеринарлық пункттерінің ветеринарлық мамандарына қолданылады.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы