О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1010
- Қабылданған күні
- 08.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2018 117643_274526.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18L0006143
- ЭКБ идентификаторы
- 117643
- Редакция идентификаторы
- 117643_274526
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:08
0 2018 жылы өткізілетін бірыңғай
мемлекеттік сатып алулардың
кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада бекітілген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д. Ысқақовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Қызылорда облысы әкiмдігінің
2018 жылғы «08» қаңтардағы
№ 1010 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және
өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
р/с №
Атауы
Тауарлар:
1.
жиһаздарды сатып алу (конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сома республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда)
Жұмыстар:
2.
денсаулық сақтау нысандарының жаңа құрылысы
Көрсетілетін қызметтер:
3.
инвестициялық форум