О предоставлении мер социальной поддержки на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 05-16/189
- Қабылданған күні
- 26.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2017 118413_285692.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17LG006147
- ЭКБ идентификаторы
- 118413
- Редакция идентификаторы
- 118413_285692
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:23
0 2018 жылға арналған әлеуметтік
қолдау шараларын ұсыну туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 18-бабының 8-тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру,әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес және аудан әкімінің 2017 жылғы 14 қарашадағы №01-4/4992 қатынасы негізінде Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2018 жылы Жаңақорған
ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Жаңақорған аудандық мәслихатының
2017 жылғы «26» желтоқсандағы
№05-16/189 шешіміне қосымша
2018 жылы әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін Жаңақорған ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар
№
Жалпы мамандардың саны
Денсаулық сақтау саласы мамандарының саны
Білім беру саласы мамандарының саны
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласы мамандарының саны
Мәдениет саласы мамандарының саны
Спорт саласы мамандарының саны
Агроөнеркәсіптік
кешен саласы мамандарының
саны
1
142
52
53
-
8
9
20
жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы.
№
Жалпы мамандардың саны
Денсаулық сақтау саласы мамандарының саны
Білім беру саласы мамандарының саны
Әлеуметтік
қамсыздандыру саласы мамандарының саны
Мәдениет саласы мамандарының саны
Спорт саласы мамандарының саны
Агроөнеркәсіптік
кешен саласы мамандарының
саны
1
142
52
53
-
8
9
20
тұрғын үй алу немесе салу үшін – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.