О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 26.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2018 118566_331218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LD006161
- ЭКБ идентификаторы
- 118566
- Редакция идентификаторы
- 118566_331218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:00
0 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тапсырыс берушілер үшін «Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.
2 2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қазалы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№12 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№
Атауы
1.
Тауарлар:
1)
Сұйық отын (оларды сатып алуға бөлінген қаржы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен асқан жағдайда)
2.
Жұмыстар:
1)
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Басықара елді мекеніндегі электр желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары
3.
Көрсетілетін қызметтер:
1)
«Жеңіс» саябағын күзет қызметімен қамтамасыз ету