Құжат мәтініне өту

О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год

Қаулы · № 1018 · қабылданған 16.01.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-118569/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 ·16.01.2018
02.10.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1018 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О субсидировании развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1018
Қабылданған күні
16.01.2018
Көрсетілген редакция
02.10.2018 118569_357222.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18L0006158
ЭКБ идентификаторы
118569
Редакция идентификаторы
118569_357222
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:05

0 2018 жылға арналған асыл

тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды, мал шаруашылығының
өнімділігін және өнім сапасын
арттыруды субсидиялау туралы
«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы №30 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14813 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №3-1-9/35559 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар;

2 2) субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері бекітілсін.

2 2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «16» қаңтардағы № 1018 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыты бойынша өлшемшарттар мен талаптар

Субсидиялау бағыты
Өлшемшарттар мен талаптар
1
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын күту
ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басының ауыл шаруашылығы малдарының сәйкестендіру базасы мен ақпараттық талдау жүйесінде тіркеуде болуы;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту
ағымдағы жылдың 1 қаңтарына меншігіндегі аналық сиырлар саны 400 бастан кем емес;
малдың бірдейлендіру нөмірінің болуы және мал басының ауыл шаруашылығы малдарының сәйкестендіру базасы мен ақпараттық талдау жүйесінде тіркеуде болуы;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

8 Қызылорда облысы әкімдігінің

2018 жылғы «16» қаңтардағы №1018 қаулысымен
бекітілген
Субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері мен көлемдері

Субсидиялау бағыты
1 бірлікке
арналған
субсидиялар
нормативтері,
теңге
Субсидия көлемі
бас,
тонна
мың теңге
Етті мал шаруашылығы
1.
Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу
1.1
Тауарлы аналық бас
1)
Базалық норматив
10000
48000
480000
2)
Қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
8000
10000
80000
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
6000
10000
60000
1.2
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық норматив
10000
1750
17500
2)
Қосымша норматив:
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
20000
1300
26000
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
15000
214
3210
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
150000
1115
167250
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Асыл тұқымды аналық бас
1)
Базалық норматив
10000
1527
15270
2)
Қосымша норматив:
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
20000
600
12000
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы
15000
800
12000
2.
Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу
1)
отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы
170000
350
59500
3.
Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату:
1)
бағымдағы мал басы 400 бастан басталатын шаруашылық
37
9253
342361
2)
бағымдағы мал басы 50 бастан басталатын шаруашылық
22
200
4400
3)
ауыл шаруашылығы кооперативтері
14
198
2772
Мал шаруашылығы
1.
100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
1)
400-ден 450 килограмға дейін
45000
895
40275
2)
451-ден 500 килограмға дейін
60000
3)
501-ден 550 килограмға дейін
65000
4)
551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары
75000
2.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату
20000
1210
24200
3.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
4000
10500
42000
4.
Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу
100000
50
5000
Қой шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде, сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1000
20000
20000
2.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1)
асыл тұқымды қойлардың аналық басы
2500
37624
94060
2)
тауарлы қойлардың аналық басы
1500
64999
97498,5
3.
Асыл тұқымды қойлар сатып алу
1)
тұсақтар
8000
5000
40000
2)
тұқымдық қошқарлар
20000
1150
23000
4.
Қозы етін өндіру құнын арзандату
1500
6000
9000
Жылқы шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды айғырлар сатып алу
100000
150
15000
2.
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
40000
295
11800
3.
Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
85
40
3400
4.
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
120
100
12000
Түйе шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу
100000
10
1000
2.
Асыл тұқымды аналық бас сатып алу
40000
25
1000
3.
Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
75
200
15000
4.
Түйе етін өндіру құнын арзандату
100
70
7000
Азық өндіру
1.
Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату
20000
200
4000
2.
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығын күту
330786
1050
347325
3.
Жыл айналым байлауда тұратын 400 бастан және одан жоғары аналығы бар сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малды өсірумен айналысатын шаруашылықтың өз төлі есебінен мал басын толықтыратын төлдерін күту
251692
612
154035,5
Барлығы
х
х
2248857

Қолданыстағы