Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 03/14
- Қабылданған күні
- 12.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.01.2018 118581_289085.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KN004597
- ЭКБ идентификаторы
- 118581
- Редакция идентификаторы
- 118581_289085
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:06
0 2018 жылға мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындары
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Меншік түріне және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдар үшін қызметкерлердің тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2 пайыздан 4 пайызға дейінгі мөлшерде жұмыс орындары квотасы белгіленсін.
2
2. Нұра ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 37/01 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4083 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 2 (5499) «Нұра» газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкісінде 2017 жылы 23 қаңтарда электрондық түрде жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі:
Нұра ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «12» қаңтардағы
№ 03/14 қаулысына
қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі:
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің
тізімдік саны
Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Нұра ауданының аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
354
1
3