Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 39
- Қабылданған күні
- 25.01.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.01.2018 118852_292679.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.01.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18N0007516
- ЭКБ идентификаторы
- 118852
- Редакция идентификаторы
- 118852_292679
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:01
0 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялардың нормаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары және көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
Әкімдіктің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№ 39 қаулысымен
бекітілген
2018 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсiмдiк шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары және көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
Өлшем бірлігі, гектар/тонна
Субсидиялардың нормалары, теңге
1
2
3
4
1.
Сүрлемге арналған жүгері
гектар
10 000
2.
Сүрлемге арналған күнбағыс
гектар
10 000
3.
Қант қызылшасы (фабрикалық)
тонна
6 000
Бір жылдық шөптер
4.
Құмай жүгері
гектар
8 000
5.
Судан шөбі
гектар
9 000
6.
Құмай жүгері мен суданкодан шығарылған будан
гектар
7 000
7.
Итқонақ
гектар
7 000
8.
Егістік тары
гектар
7 000
9.
Африкалық тары
гектар
7 000
10.
Қонақтары
гектар
7 000
11.
Пайза
гектар
7 000
12.
Қышабас
гектар
7 000
13.
Майлы шомыр
гектар
7 000
14.
Сиыржоңышқа
гектар
7 000
15.
Ноғатық
гектар
7 000
16.
Люпин
гектар
7 000
17.
Гүлтәжі
гектар
7 000
18.
Мальва
гектар
7 000
Көпжылдық шөптер
19.
Еркекшөп
гектар
7 000
20.
Мықын
гектар
7 000
21.
Қияқ
гектар
7 000
22.
Тамырсабақсыз бидайық
гектар
7 000
23.
Бетеге
гектар
7 000
24.
Үйбидайық
гектар
7 000
25.
Жиматарғақ
гектар
7 000
26.
Шабындық көдешөп
гектар
7 000
27.
Көпжылдық қарабидай
гектар
7 000
28.
Атқонақ
гектар
7 000
29.
Жоңышқа
гектар
8 000
30.
Эспарцет
гектар
8 000
31.
Түйежоңышқа
гектар
8 000
32.
Көктікені (галега)
гектар
7 000
33.
Айыр пышан
гектар
7 000
Майлы дақылдар
34.
Күнбағыс
тонна
11 000
35.
Рапс
тонна
11 000
36.
Зығыр
тонна
9 500
37.
Мақсары
тонна
9 000
38.
Қыша
тонна
9 000
39.
Арыш
тонна
8 500
40.
Қытай бұршағы
тонна
9 500