Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- а-2/66
- Қабылданған күні
- 08.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 118863_293056.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18BB006419
- ЭКБ идентификаторы
- 118863
- Редакция идентификаторы
- 118863_293056
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:53
0 2018 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4 Степногорск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 08.02.
№ а-2/66 қаулысымен
бекітілген
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ана төлемақысының мөлшері
№
Ұйымның атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны
Айына ата-ана төлемақысының мөлшері
(теңге)
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
1
Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
280
10000
25541
2
«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін «Балауса» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
220
10000
25541
3
«Дарын» жеке балабақшасы
«ДС-Дарын» ЖШС
200
15000
25541
4
«Сказка» жеке балабақшасы
ДК Лагута Светлана Васильевна
165
17000
25541
5
«Асыл» жеке балабақшасы
ДК «Бексултан»
75
18000
25541
6
«Алтын» жеке балабақшасы
ДК Жетписова Ж.А.
75
18000
25541
7
«Айлана» жеке шағын орталығы
ДК Есжанова Фарида Буташевна
30
20000
18106
8
Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балдаурен» шағын орталығы
40
10000
18106
9
Степногорск қаласының білім бөлімінің «Степногор ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы
20
10000
18106
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДК - дара кәсіпкер;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.