Об организации приписки в 2018 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации приписки в 2018 году
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылы тіркеуді ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 07.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2018 118979_294855.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KP004613
- ЭКБ идентификаторы
- 118979
- Редакция идентификаторы
- 118979_294855
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:53
0 2018 жылы тіркеуді
ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14881 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлытау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 2001 жылы туған ер азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«07» ақпан 2018 жыл
«Қарағанды облысы Ұлытау ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі» республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Е.Мустагулов