Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов субсидий по направлениям субсидирования развития племенного животноводства, повышения продуктивности и качества продукции животноводства на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 02.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2018 118984_362414.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18N0007522
- ЭКБ идентификаторы
- 118984
- Редакция идентификаторы
- 118984_362414
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:56
0 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3 3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Әкімдіктің
2018 жылғы 2 ақпандағы
№ 44 қаулысына
қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялар нормативтері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Мал шаруашылығы
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сондай-ақ, қойдың қаракөл тұқымдарын өсірумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарында ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
6292
Жылқы шаруашылығы
2.
Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін
килограмм
191
3.
Жылқы етін өндіру құнын арзандату
килограмм
322
Ешкі шаруашылығы
4.
Асыл тұқымды мал сатып алу
бас
20 000
5.
Асыл тұқымды ешкілердің аналық басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
бас
2 500