О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах проведения единых государственных закупок в 2018 году
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 448
- Қабылданған күні
- 15.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.10.2018 119277_370911.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.10.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LG006178
- ЭКБ идентификаторы
- 119277
- Редакция идентификаторы
- 119277_370911
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:46
0 2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының
1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Жаңақорған ауданының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Жаңақорған ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2 2. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы қаулыныңқосымшасына сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 15 ақпандағы
№448 қаулысына қосымша
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
№
Атауы
1
Тауарлар:
1.1
Мүгедектерге арналған міндетті гигиеналық құрал: сіңіргіш жаймалар (жаялықтар) сатып алу
2
Жұмыстар:
2.1
Жаңақорған ауданының аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары
3
Көрсетілетін қызметтер:
3.1
Жаңақорған ауданы бойынша көпқабатты тұрғын үйлерге энергия аудит жүргізу қызметі