Об установлении квоты рабочих мест на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 61
- Қабылданған күні
- 19.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 14.08.2018 119388_348068.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.08.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LH006190
- ЭКБ идентификаторы
- 119388
- Редакция идентификаторы
- 119388_348068
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:44
0 2018 жылға жұмыс
орындарына квота
белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 1 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2 2. Сырдария ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №133 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5873 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 16 маусымда жарияланған):
2
2) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №319 «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №133 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6105 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 08 қаңтарда жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Сырдария ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «14» тамыздағы
№ 252 қаулысына 1-қосымша
2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы
Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі
172
1
2
2
«Шаған Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
138
1
1
3
«Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
142
1
1
4
«АҚЖАРМА и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
1
1
8 Сырдария ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «14» тамыздағы
№ 252 қаулысына 2-қосымша
2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Құңдызды май» шаруа қожалығы
67
1
1
9 Сырдария ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «14» тамыздағы
№ 252 қаулысына 3-қосымша
2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі
(%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Сырдария аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
40
1
1
2
Қызылорда облысының білім басқармасының «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» коммуналдық мемлекетік қазыналық кәсіпорны
76
1
1