Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 54
- Қабылданған күні
- 15.02.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.02.2019 119426_390417.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.02.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZM005081
- ЭКБ идентификаторы
- 119426
- Редакция идентификаторы
- 119426_390417
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:47
0 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын, ата-ананың төлемақысының
мөлшерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңдарын басшылыққа алып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ананың төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.
2
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 2 ақпандағы № 13 «2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 тіркелген, 2017 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3
3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (М.Тасболатов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Р.Тұрмағамбетовке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері
Шыңғырлау ауданы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 15 ақпандағы № 54
қаулысына қосымша
2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі ұйымдарының атауы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны
Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)
Мектепке дейінгі ұйымдар ата-ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері
(теңге)
3 жасқа дейін
(көп емес)
3 жастан 7 жасқа дейін теңге
(көп емес)
Бөбекжай (жергілікті бюджет)
Шыңғырлау селосы
«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айгөлек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
52
29803
7500
8500
Тасмола ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Балауса бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорны
40
29623
7500
8500
Белогор ауылы
Шыңғырлау ауданы білім бөлімінің «Қарлығаш бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
45043
7500
8500
Шыңғырлау селосы
«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Бөбек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
60
28287
7500
8500
Лубен ауылы
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің «Арай» бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
32569
7500
8500
Шыңғырлау селосы
«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қызғалдақ бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
40
41122
7500
8500
Шыңғырлау ауылы
«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Балдырған бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
44550
7500
8500
Бөбекжай (республикалық бюджет)
Шыңғырлау ауылы
«Шыңғырлау ауданының Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Болашақ бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
290
21428
7500
8500