Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении основных условий кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на содействие развитию предпринимательства в областных центрах, городах Астане, Алматы, Туркестан, Семей и моногородах на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 138
- Қабылданған күні
- 27.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2018 119823_333083.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000138
- ЭКБ идентификаторы
- 119823
- Редакция идентификаторы
- 119823_333083
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:10
0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттарын
бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2018 жылға арналған негізгі шарттары бекітілсін.
2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары, тиісті мәслихаттар 2018 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне берсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
2 2) бюджеттік кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.
5
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит беруге бөлінген бюджеттік кредиттердің игерілу мониторингін қамтамасыз етсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 138 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит берудің негізгі шарттары
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
1
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Түркістан, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 2018 жылға кредит беру үшін «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысында көзделген 9311124000 (тоғыз миллиард үш жүз он бір миллион бір жүз жиырма төрт мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға 7 (жеті) жыл мерзімге 0,01 % сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;