Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2018 год

Қаулы · № 98 · қабылданған 03.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-119825/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 98 ·03.03.2018
29.08.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 98 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов Астаны и Алматы на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2018 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
98
Қабылданған күні
03.03.2018
Көрсетілген редакция
29.08.2018 119825_348662.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1800000098
ЭКБ идентификаторы
119825
Редакция идентификаторы
119825_348662
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:30

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары туралы

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 180-бабының 2-тармағына, «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасауды;

2 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму, Энергетика министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен сенім білдірілген өкілмен (агентпен) тапсырма шартын жасасын.

4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;

2 2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика, Инвестициялар және даму министрліктеріне жүктелсін.

6 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 3 наурыздағы
№ 98 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2018 жылға арналған кредит берудің негізгі талаптары

1 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі талаптар белгіленеді:

1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2018 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

2

2) «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 34380614000 (отыз төрт миллиард үш жүз сексен миллион алты жүз он төрт мың) теңге және 042 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 2288677000 (екі миллиард екі жүз сексен сегіз миллион алты жүз жетпіс жеті мың) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

3 3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 6 (алты) жылдан аспауға тиіс;

4 4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2019 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

Қолданыстағы