Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Зыряновском районе на 2018 год

Қаулы · № 63 · қабылданған 26.02.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-120055/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Зыряновском районе на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 63 ·26.02.2018
26.02.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Зыряновском районе на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 63 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в Зыряновском районе на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
63
Қабылданған күні
26.02.2018
Көрсетілген редакция
26.02.2018 120055_304928.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VL005542
ЭКБ идентификаторы
120055
Редакция идентификаторы
120055_304928
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:38

0 2018 жылға Зырян ауданында

мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес 2018 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 1 қарашадағы № 383 «2017 жылға Зырян ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5281 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Зырян ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

1 1) Шығыс Қазақстан облысының әділет департаментінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн ішінде оның көшірмесі қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық нұсқада «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Ж.А. Аскароваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 63 қаулысына
1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Мемлекеттік білім беру тапсырысы, орындар саны
1
Балабақшалар
865
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
172

11 Ата-ана төлемақысының мөлшері

Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 63 қаулысына
2 қосымша
Ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін (теңге)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Балабақшалар
515
529
2
Мектеп жанындағы кіші орталықтар
-
529
Ескертпе: 1 күнге бір балаға жас ерекшелігіне карай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Қолданыстағы