Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2018 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям за замещение на период обучения основного сотрудника
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2018 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на доплату учителям за замещение на период обучения основного сотрудника
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 04.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2018 120239_307324.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1800000163
- ЭКБ идентификаторы
- 120239
- Редакция идентификаторы
- 120239_307324
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:58
0 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
«2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.
2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1 1) бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын;
2 2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану мониторингін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
7 Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 4 сәуірдегі
№ 163 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2018 жылға арналған республикалық бюджеттен оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан
әрі – Қағидалар) «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына сәйкес әзірленді және 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламасы, 118 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – нысаналы трансферттер) пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісі – білім беру саласындағы уәкілетті орган;
2 2) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы органдар;
3 3) оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастыру – негізгі қызметкердің тілдік курстарда оқуы кезеңінде орта білім беру ұйымының педагог қызметкерінің білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде педагогтік негізделген оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесін ұйымдастыруы;
4 4) тілдік курстарда оқу – сабақ беру және оқыту сапасын арттыру үшін бұрын игерілген тілдік құзыреттерді дамытуға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру. Тілдік курстарда оқу ұзақтығын білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3 3. Нысаналы трансферттер оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеу үшін пайдаланылады.
2 2-тарау. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
4
4. Нысаналы трансферттер уәкілетті орган айқындаған еңбек қызметінен қол үзбей оқитын жеке білім беру бағдарламалары бойынша курстарды және тілдік даярлық курстарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген мөлшерде жұмыс берушінің жарналарын (әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры) ескере отырып, «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 9 наурызда № 13420 болып тіркелген) сәйкес барлық оқу түрлері бойынша тілдік құзырет курстарында оқу кезеңінде негізгі қызметкерді алмастырғаны үшін орта білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге пайдаланылады.
5 5. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері нысаналы трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аударуды бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
6
6. Қаржы жылының қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен бөлінген негізгі қызметкерді оқу кезеңінде алмастырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге берілетін нысаналы трансферттердің сомалары келесі қаржы жылының 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджеттің кірісіне қайтаруға жатады.