Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 93
- Қабылданған күні
- 19.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 120344_307993.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VL005605
- ЭКБ идентификаторы
- 120344
- Редакция идентификаторы
- 120344_307993
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:16
0 2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларының 8-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2
2. Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 124 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5042 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 6 маусымдағы жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «19» наурыздағы
№ 93 қаулысына қосымша
2018 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р\с
Ұйымдардың атауы
Жұмысшылардың саны (адам)
Квота мөлшері
( % )
1
2
3
4
1
«Зырян технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
56
2%
2
«Зырян ауданының мүгедектер және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
159
3%
3
Зырян ауданы әкімдігінің «Ладушки» № 10 балабақшасы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
67
2%
4
Зырян ауданы әкімдігінің «Катюша» № 14 балабақшасы» қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
69
2%
5
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
99
3%
6
«Зырян қаласының мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
66
2%
7
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 1 түзеу мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
101
3%