Об установлении квоты рабочих мест на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 678
- Қабылданған күні
- 19.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2018 120860_312939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LE006246
- ЭКБ идентификаторы
- 120860
- Редакция идентификаторы
- 120860_312939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:15
0 2018 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1,2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2
2. «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Қармақшы аудан әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №497 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5897 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 4 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары М.Самитовке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қармақшы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «19» наурыздағы
№ 678 қаулысына 1- қосымша
Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс
керлер
дің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Қармақшы аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
951
1
9
2
«Достық жер МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
241
1
2
Барлығы
1192
11
6 Қармақшы ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «19» наурыздағы
№ 678 қаулысына 2- қосымша
Қармақшы ауданы бойынша 2018 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскер
лердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)
1
«Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік мекемесі «Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
23
1
1
Барлығы
23
1