Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Уилскому району на 2018 год

Қаулы · № 47 · қабылданған 26.03.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-121024/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Уилскому району на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 47 ·26.03.2018
26.03.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Уилскому району на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 47 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, по Уилскому району на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға Ойыл ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
47
Қабылданған күні
26.03.2018
Көрсетілген редакция
26.03.2018 121024_314854.kaz
Соңғы өзгеріс
26.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18CK000131
ЭКБ идентификаторы
121024
Редакция идентификаторы
121024_314854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 01:11

0 2018 жылға Ойыл ауданы бойынша

ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2018 жылға Ойыл ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар орындарына квота белгіленсін.

2 2. «Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ойыл аудандық Әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Ойыл ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы