О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 147
- Қабылданған күні
- 12.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2018 121317_318073.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800016818
- ЭКБ идентификаторы
- 121317
- Редакция идентификаторы
- 121317_318073
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:52
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы №1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жолдауды;
4 4) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 12 сәуір
№ 147 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылға арналған стипендиясын министрліктер мен «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының арасында бөлу
№
Мемлекеттік орган, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
Стипендия
студенттерге
магистранттарға
1.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
932
7
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
11
-
3.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
84
-
4.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
47
1
5.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2
-
6.
«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы
4
-
Барлығы
1080
8