Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2018 год

Қаулы · № 16/3 · қабылданған 12.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-121338/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 16/3 ·12.04.2018
12.04.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 16/3 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата – ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
16/3
Қабылданған күні
12.04.2018
Көрсетілген редакция
12.04.2018 121338_318113.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KC004732
ЭКБ идентификаторы
121338
Редакция идентификаторы
121338_318113
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:51

0 2018 жылға арналған бір

тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата – ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Беріліп отырған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата–ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Теміртау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 ақпандағы № 6/7 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 4159 болып тіркелді, 2017 жылғы 6 наурызда электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы 14 наурызда № 3 (17) «Стальная гвардия» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Қарағанды облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) әкімдіктің осы қаулысының мемлекеттік тіркелген күннен бастап оның көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электронды және қағаз түрінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығында» ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы қаулының мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесі күнтізбелік он күн ішінде Теміртау қаласының аумағында таратылатын мерзімдік баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Теміртау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Дәурен Жағыпарұлы Есімхановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Теміртау қаласы әкімдігінің
2018 жылғы « 12 » сәуірдегі
№ 16/3 қаулысымен
бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі білім беретін ұйымның түрі
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиеленушілер саны
Айына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы
ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)
Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
мемлекеттік
жеке
мемлекеттік
жеке
мемлекеттік
жеке
1
Балабақша (бөбекжай)
4786
140
3 жасқа дейін 8029
3 жастан 6 жасқа (7 жасқа) дейін 9912
11000
20662
26000
2
Мектепке дейінгі шағын-орталық
436
403
10605
11000
16945
26000

Қолданыстағы