Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 119
- Қабылданған күні
- 16.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2018 121656_321078.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LH006271
- ЭКБ идентификаторы
- 121656
- Редакция идентификаторы
- 121656_321078
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:49
0 2018 жылға мүгедектерді
жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленсін.
2 2. Сырдария ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1
1) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 132 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5872 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 16 маусымда жарияланған);
2
2) Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 04 тамыздағы № 175 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 132 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5936 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 30 тамызда жарияланған).
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Сырдария ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «16» сәуірдегі
№ 119 қаулысына қосымша
2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Амбулаториялық – емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
746
4
4
2
"Сырдария аудандық білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2
2
3
«МАДИ ҚАЖЫ атындағы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
206
3
2
4
«Сырдария аудандық білім бөлімінің №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп – лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
226
3
2
5
Сырдария аудандық білім бөлімінің «№ 126 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
72
2
2
6
Сырдария аудандық білім бөлімінің «№ 35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
97
2
2
7
Сырдария аудандық білім бөлімінің «№137 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
78
2
2
8
«Бесарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
174
3
2
9
«Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
349
3
2
10
«Қалжан Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қалжан Ахун ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
25
2
1