Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Мартукскому району на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы по Мартукскому району на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға Мәртөк ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 131
- Қабылданған күні
- 10.04.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2018 121738_322290.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CH000171
- ЭКБ идентификаторы
- 121738
- Редакция идентификаторы
- 121738_322290
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:53
0 2018 жылға Мәртөк ауданы бойынша
бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Қылмыстық-атқару кодексінің» 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2018 жылға Мәртөк ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның тізімдік санынының екі пайыз мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2
2. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 556 «Мәртөк ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5259 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 21 ақпан 2017 жылы жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.