Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14/103
- Қабылданған күні
- 03.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 03.05.2018 121818_322771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18KR004764
- ЭКБ идентификаторы
- 121818
- Редакция идентификаторы
- 121818_322771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:37
0 2018 жылға мүгедектер
үшін жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/103 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі
№
Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%)
Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Қоммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
173
3
5
2.
«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
77
2
2