Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2018 год

Қаулы · № 14/104 · қабылданған 03.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-121820/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 14/104 ·03.05.2018
03.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 14/104 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства отдельных категорий граждан города Приозерск на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға Приозерск қаласы азаматтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/104
Қабылданған күні
03.05.2018
Көрсетілген редакция
03.05.2018 121820_322773.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18KR004765
ЭКБ идентификаторы
121820
Редакция идентификаторы
121820_322773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:37

0 2018 жылға Приозерск қаласы

азаматтарының жекелеген
санаттарын жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

1 1) Приозерск қаласында қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес;

3 3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының жалпы санының 2% мөлшерінде 3 қосымшаға сәйкес.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласының әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
1 қосымша
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Қылмыстық-атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Приозерск қаласының «Достық» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
77
2
2

8 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін
Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
173
2
3

9 Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Приозерск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 3 мамырдағы
№ 14/104 қаулысына
3 қосымша
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Приозерск қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйымның атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
56
2
1

Қолданыстағы