Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 14.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2019 121905_408228.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18ZC005202
- ЭКБ идентификаторы
- 121905
- Редакция идентификаторы
- 121905_408228
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:32
0 2018 жылға егіс жұмыстардың
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (А.Бексеитов) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 3. Бөрлі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 сәуірдегі №346 «2017 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 4794 тіркелген, 2017 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4
4. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы (Д.Джармуханова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Каналинге жүктелсін.
6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы «14» мамырдағы №12
қаулысына қосымша
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша аудан аумағында 2018 жылға
егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№
Өсімдік шаруашылығы
өнімдерінің түрлері
Оңтайлы мерзімдер
3 құрғақ дала аймағы
басталуы
аяқталуы
1.
Жаздық арпа
18 мамыр
28 мамыр
2.
Сұлы
18 мамыр
28 мамыр
3.
Жаздық бидай
18 мамыр
30 мамыр
4.
Тары
18 мамыр
30 мамыр
5.
Күнбағыс
18 мамыр
25 мамыр
6.
Мақсары
18 мамыр
28 мамыр
7.
Күздік бидай
15 тамыз
10 қыркүйек