Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Каракиянскому району на 2018 год

Қаулы · № 110 · қабылданған 11.05.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-122016/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Каракиянскому району на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 110 ·11.05.2018
11.05.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Каракиянскому району на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 110 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации по Каракиянскому району на 2018 год
Атауы (қаз.)
Қарақия ауданы бойынша 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
110
Қабылданған күні
11.05.2018
Көрсетілген редакция
11.05.2018 122016_326119.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18MD003615
ЭКБ идентификаторы
122016
Редакция идентификаторы
122016_326119
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 Қарақия ауданы бойынша 2018 жылға

ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып
табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған
адамдарды, пробация қызметінің
есебінде тұрған адамдарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-атанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарақия ауданы бойынша 2018 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарына квота белгіленсін:

1 1) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін бір пайыз мөлшерінде;

2 2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде;

3 3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін бір пайыз мөлшерінде.

2

2. «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Сәрсенғали) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Кумискалиевке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«Қарақия аудандық жұмыспен
қамту, әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Сәрсенғали Маркс Тайырұлы
«11» 05 2018 жыл

Қолданыстағы