Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Каргалинском районе на 2018 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Каргалинском районе на 2018 год
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы ауданында 2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167
- Қабылданған күні
- 10.05.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.05.2018 122056_326967.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18CF000157
- ЭКБ идентификаторы
- 122056
- Редакция идентификаторы
- 122056_326967
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:34
0 Қарғалы ауданында 2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 6) тармақшасына және 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қарғалы ауданында мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарды жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны:
елуден жүз адамға дейін –жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елу бірден артық адамға - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 179 «Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5556 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 шілдеде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.