Құжат мәтініне өту

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қаулы · № 181 · қабылданған 29.06.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2018-ekb-123343/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год Қолданыста Қаулы ·№ 181 ·29.06.2018
29.06.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год

Қолданыста Қаулы ·№ 181 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по видам продукции растениеводства, подлежащим обязательному страхованию в растениеводстве на 2018 год
Атауы (қаз.)
2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
181
Қабылданған күні
29.06.2018
Көрсетілген редакция
29.06.2018 123343_337005.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18NQ007931
ЭКБ идентификаторы
123343
Редакция идентификаторы
123343_337005
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:51

0 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмінiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына,  «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Сарыкөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсін.

2 2. «Сарыкөл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Сарыкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Сарыкөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Әкімдіктің
2018 жылғы 29 маусым
№ 181 қаулысына
қосымша
2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Сарыкөл ауданының аумағында егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi

Өсімдік шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы
ІI табиғи-климаттық аймақ (дала)
1
Жаздық жұмсақ бидай
15 мамырдан 2 маусымға дейін
2
Жаздық қатты бидай
18 мамырдан 28 мамырға дейін
3
Жаздық арпа
15 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Сұлы
15 мамырдан 5 маусымға дейін
5
Тары
20 мамырдан 5 маусымға дейін
6
Бұршақ
20 мамырдан 31 мамырға дейін
7
Рапс
20 мамырдан 28 мамырға дейін
8
Күнбағыс
5 мамырдан 18 мамырға дейін

Қолданыстағы